АҚ ТІЛЕКТЕР АҒЫЛДЫ

Жұбан Молдағалиев атындағы дарынды балалар мектеп-интернаты биылғы оқу жылын табысты қорытындылап отыр. Олар түрлі деңгейдегі білім бәйгелерінде жүлдегерлер сапынан көрінді. Мәселен, республикалық пәндер олимпиадасының ІІІ кезеңінде 19 оқушы, облыстық ғылыми жобалар сайысында 10 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

 

«Соңғы қоңырау» салтанатының шымылдығын ашқан мектеп-интернат директорының міндетін атқарушы Ләззат Тұрғанбаева осынау айтулы мерекемен ұстаздарды, оқушылар мен олардың ата-аналарын құттықтап, үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған түлектерге ақ жол тіледі.

Салтанатты шараға қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева да айтулы мерекемен  құттықтады. Басқарма басшысы облыста оқушылардың сапалы білім мен тәрбие алуына барлық жағдай жасалып отырғаны және алдағы жазғы демалыс уақытының тиімді ұйымдастырылатыны туралы айтты.

Одан әрі түлектердің сынып жетекшісі Толқын Әжіғалиева, ата-ана Жанна Орынбасарова, түлектер атынан сөз алған Ақниет Сабырова жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз