Жарнама
Білім

Абайтанушы ғалым ұстаздарға дәріс оқыды

Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау – ұлттық сананы жаңғыртудың және жас ұрпаққа адамгершілік, парасаттылық құндылықтарын сіңірудің маңызды тетігі. Осы мақсатта және хәкім Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай Назарбаев университетінің профессоры, Ұлттық мәдениет орталығының басшысы, белгілі абайтанушы ғалым Гүлтас Құрманбай өңірдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Абай мұрасын танудың кешенді бағдарламасы» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.

Іс-шара Әл-Фараби атындағы Бином мектеп-лицейінде ұйымдастырылды. Дәріске облыс бойынша 250-ге тарта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен ардагер ұстаздар қатысты.

daris 3

Ғалым өз дәрісінде Абай шығармашылығын жаңа әдістемелік және мәдени тұрғыда зерттеу, оның рухани мұрасын қазіргі білім беру жүйесіне кіріктіру жолдары, сондай-ақ ұлттық тәрбие мен тұлғалық дамудағы Абай дүниетанымының маңызын жан-жақты талдады. Қатысушыларға Абай мұрасын оқытудағы кешенді көзқарас, ақын ілімін цифрлық білім беру кеңістігінде насихаттау сынды өзекті бағыттар бойынша тың ғылыми деректер мен әдістемелік ұсыныстар ұсынылды.

daris

Дәріс соңында ұстаздар ғылымның қазіргі даму деңгейіне қатысты сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Ұйымдастырушылар бұл шараның өңір педагогтарының ғылыми-танымдық әлеуетін арттыруға және Абай мұрасын жаңа қырынан танытуға бағытталғанын атап өтті.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button