Зияткерлік мектептің үш оқушысы Назарбаев Университетіне түсті

nu Білім

Atr.kz/9 сәуір, 2020 жыл. Оқу жылының аяқталуына бір айдан астам уақыт бар. Ал Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары орта білімді аяқтағаннан кейін қай жоғары оқу орынында білім алатыны анық біледі.

Облыстағы зияткерлік мектептің үш оқушысы Халықаралық академиялық бағалау емтиханының (SAT) қорытындысымен Назарбаев Университетінің грантына ие болды, – деп хабарлайды оқу орынның баспасөз қызметі.

Дулат Уәлиев, Айнұр Хамитова және Дамир Тәжиевтер еліміздегі жетекші университеттің инженерия және цифрлық ғылымдар факультетінде тегін білім алмақ.

«Мен жоғары сыныпқа көшкелі IELTS, SAT секілді түлектер үшін маңызды Халықаралық емтихандарға қызу дайындалдым. Қосымша әдебиеттер оқып, шетелдік білім ресурстарында сынақтар тапсырдым. Назарбаев Университетіндегі грантқа ие болуыма алтын ұядағы ұстазарымның еңбегі зор. Өйткені олар пәндерді оқытуда көп еңбек сіңірді. Менің ойымша бұл Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі 12 жылдық білім беру жүйесі мен мектептегі кәсіби бағдар жұмыстарының нәтижесі», – дейді Айнұр Хамитова.

«Atr-Ақпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-karantin-kezinde-67-adam-%d2%9bamau%d2%93a-alyndy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз