Жылыой ауданында адам өліміне қатысты орын алған қылмыс бойынша екінші күдікті ұсталды

0 25 Жаңалықтар

atr.kz/15 қыркүйек, 2020 жылБұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз – қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, 6 қыркүйекте сағат 15:30 шамасында Құлсары қаласының  1973 жылы туған тұрғыны   Шоқпартоғай ауылынан «Боздақ» елді мекені бағытында өзінің жылқы үйірін іздеп, «LTM» мотоциклімен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалғалып, үйіне оралмады.

Жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтау мақсатында облыстық полиция департаментінің ең тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, сондай-ақ  еріктілер жоғалған азаматтың жүрген жерлері  бойынша барлық аумақта, жан-жақты іздеу жұмыстарын  жүргізді. 

Нәтижесінде 9 қыркүйек күні  аудан орталығынан 30-40 шақырым   жерде іздестірілген  азаматтың мотоциклі ғана табылды. Десек те, бұл күні жоғалған адамға қатысты басқа еш дерек болмаған еді.

Полиция қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел іздестіру тобымен  кеше, 14 қыркүйек күні  жоғалған азаматтың денесі  Құлсары қаласынан 100 шақырым  «Қырықмылтық» деген жерде 15-20 метр тереңдіктегі  шұңқырдан   табылып, алынды. Аталған факті бойынша бұрын сотталған Құлсары қаласының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Қоғамдық дау тудырған осы мәселеге қатысты бүгін жаңа айғақтар анықталды.

Тексеру барысында, 16 калибрлі атыс қаруы табылып, тәркіленді. Қазіргі

уақытта Қылмыстық Кодекстің 99-бабы, яғни «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Жедел жұмыс мұнымен тоқтаған жоқ, арнайы іздестіру шаралары барысында, тағы бір  күдікті   анықталып, 1967 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды. Қазір жедел-тергеу жұмыстары жалғасуда, – деді Гүлнәзира Мұхтарова.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз