Жылыой ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды (ФОТО)

DSC 0976 Жаңалықтар

Жылыой ауданының əкімі Əлимұхаммед Құттымұратұлы 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №40-к өкімімен Қахарман Дəуренұлы Бағыновты Жылыой ауданы əкімінің орынбасары лауазымына тағайындады.

DSC_0976

Қахарман Дәуренұлы Бағынов – 1988 жылы Гурьев облысы, Индер ауданы, Индербор поселкесінде дүниеге келген.

Алматы қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті және Батыс Қазақстан Инженерлік Гуманитарлық Университетінің түлегі.

DSC_0978

Еңбек жолын 2010 жылы Индер аудандық жер қатынастары бөлімінде бас маман болып бастаған.

2013 жылдың 12 тамызынан бастап Индер аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарған.

DSC00764

2017 жылдың 6 желтоқсанынан бастап Жылыой ауданы əкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ол ауданды (қала, кент, ауыл) электр энергиясымен, сумен, газбен, жылумен қамтамасыз ету мəселелерін жəне төтенше жағдай жөніндегі жұмыстарға басшылық етеді.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз