Жыл сайын марафонға 3 мыңға жуық атыраулық қатысады

WhatsApp Image 2018 05 11 at 11.49.07 1 Жаңалықтар

13 мамыр күні Атырауда «Atyrau Marathone – 2018» кең көлемдегі спорттық шарасы өтеді, деп xабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-11 at 11.49.07 (1)

10 мамырда марафон қатысушылары соңғы ұжымдық жаттығуларын өткізді. Жалпы, 70 адамнан тұратын топ «Atyrau Marathone – 2018»-ға 20 наурыздан бастап дайындалуда. Аптасына 3 рет жүгірушілер басшыларының нұсқауымен әр түрлі қашықтықта қала көшелерін жүгіріп өткен еді. Ал жарысқа 3 күн қалғанда жүгірушілер соңғы жаттығуларын аяқтады. Енді жеңіске псиxологиялық түрде дайындалады.

Жаттықтырушы Алтай Құспановтың айтуынша, марафонға қатысушыларға жарысқа дейін арнайы жаттығудан өту қажет.

Олар өзін жарысқа физикалық тұрғыдан дайындалғаны жөн. Сонымен қатар, өзіне қажетті құралдар таңдау керек. Өзімен бірге су ала келіп, 42 шақырымға жүгіретін болса жүрек жалғайтын асты да ала шыққан жөн. Себебі жүгіру, 3 сағатқа созылады,- дейді Алтай Құспанов.

WhatsApp Image 2018-05-11 at 11.49.08

Айта кетейік, 13 мамырда 10.000 м қашықтықта жүгіру Абылайxан даңғылынан( Уорлей Парсонс елді мекені мен Мұз сарайы аралығы). басталады. Қатысушылар 8.00-де жиналады, старт – 9.15-те. Ыңғайлы болу үшін қатысушыларды Маxамбет алаңынан 8.00-ден бастап автобустар тасымалдайды.

Сондай-ақ, мұз сарайының алдындағы алаңда 42,195 м қашықтықта жүгіру 7.00-де басталады. Марафонға қатысушыларды автобустармен 6.00-ден бастап Махамбет алаңынан тасымалдамақ.

Ал 4500 м қашықтықта жүгіруді Махамбет алаңына қарама-қарсы Сатпаев көшесінен бастау жоспарлануда. Қатысушылар 7.30-да жиналып, марафон сағат 9.00-де басталады.

Қазіргі таңда марафонға қатысу үшін онлайн және офлайн тіркеуден 3 мың адам өткен.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз