Журналистер Наурыз мерекесін тойлады (фото)

ANU 0266 Жаңалықтар

Әз Наурыз мерекесін тойлауды қолына қалам ұстаған тілшілер қауымы да ұмыт қалдырмады. Көктеммен қатар келетін жаңғыру мен жаңарудың, ырыс пен бақтың мерекесі, жыл басы әз Наурызды «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің ұжымы көтеріңкі көңіл күйде қарсы алды.

ANU_0266

Мерекелік іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасарлары Сәлімжан Нақпаев пен Әлібек Нәутиев, тілдерді дамыту басқармасының басшысы Баязи Әбдешов,  мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысы Әбіл Жоламанов, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Злиха Таласбаева, жастар саясаты мәселері жөніндегі басқарма басшысы Жасұлан Бисембиевтер және жеті аудандық газет ұжымдары, ардагерлер қатысты.

ANU_0082

Алаңға жиналған көпшілікті Наурыз мейрамымен «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Ерболат Қаменов құттықтады.

ANU_0103

– Көктемнің жаймашуақ мерекесі әз Наурыз – береке мен ырыстың бастауы. Наурыз әр отбасына құт-береке, ынтымақ пен татулық нәсіп етіп, елімізде мамыражай тіршілік мәңгілік үстем құра берсін, – деп ізгі тілегін жеткізді ол.

ANU_0074

Киіз үйдің алдында журналистер әуелете ән шырқап, домбырада күмбірлете күй төгіп, келген қонақтарымыз алаңға ағаштар отырғызды.

ANU_0119

Мерекені тамашалауға келген қонақтар бауырсақ пен наурызкөжеден дәм татып, бірін-бірі құттықтап жатты. Спортқа ебі бар ұжым мүшелері арқан тартыстан, қол күресі мен кір тасын көтеруден сайысқа түсті. Нәтижесінде жүлделі орынға кір тасын көтеруден аудандық «Дендер» газетінің тілшісі Саламат Базарбаев ие болса, қол күресінен облыстық «Атырау» газетінің қызметкері Мұхтар Оралбаев, арқан тартудан «Кең Жылой» және «Қызылқоға» газеттерінен құралған командасы дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.  Мерекелік шарада Наурыздың құрметіне шыққан аудандық газеттер арасындағы үздіктер анықталып, оларға бағалы сыйлықтар берілді. Үздік газет болып аудандық «Мақат тынысы» газеті танылды.

ANU_0044

«Атырау-Ақпарат» ЖШС кеңсесінің алаңында тігілген ақ боз үйде келген қонақтар наурыз көжеден дәм татты.

ANU_0293

Мерекелік шарада облыс әкімінің орынбасарлары Әлібек Нәутиев пен Сәлімжан Нақпаев, «Атырау-Ақпарат» ЖШС ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқали Нұрғалиев сөз сөйлеп, ұжымға береке-бірлік пен толағай табыстар тіледі. Сонымен қатар, облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Исатай Балмағамбетов, облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева және аудандық газеттің редакторлары да мерекеге қатысушыларды Наурыз мейрамымен құттықтады. Қарттар батасын беріп, барлық ұжымдар музыкалық сәлем жолдады. Сайыс жүлдегерлеріне арнайы байрақтар берілді. Осылайша төртінші билік өкілдері жыл басын тамаша көңіл-күймен, ерекше құлшыныспен бастады.

ANU_0227

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Суреттерді түсірген: Ануар Әбілғазиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз