Жұмыссыздықты жоюдың жаңа жолы ұсынылды

apek 9 Жаңалықтар

Atr.kz/10 сәуір, 2020 жыл. Біз газетіміздің өткен сандарының бірінде «Жастар тәжірибесі» – нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жастарға қолдау танытудың тың тәсілі екенін жазғанбыз. Өйткені, оқуды ойдағыдай аяқтап, дипломын қойнына қысқан түлектердің бәрі бірдей еңбекке араласып кетуі екіталай… Ендеше, күн тәртібінен түспейтін тақырыбымызды одан әрі жалғастырамыз.

Биыл 175 жылдығы тойланып жатқан ұлы Абай хакімнің «Еріншек, бекер мал шашпақ» деп, сол кездің өзінде жұмыссыз жандардың жігерін жаныды емес пе? Міне, дәл сол сөз бүгінде өз маңызын жойған жоқ. Жұмыс таба алмай жүрген жастарды былай қойғанда, бар нәрседен бой тасалап жүргендерді қайтерсіз? Арамызда ата-анасының табысын талғажау етіп, болмаса, ата-әжесі көрген кешегі бейнеті – бүгінгі зейнетіне күн көріп жатқандар да жоқ емес. Бұл – масылдық психологияның айқын көрінісі.

Сондықтан, адамзат баласы ар мен абыройды бәрінен биік қоюы керек. Сонда ғана, қиындыққа қасқайып қарсы тұруға болады. Бұл пікірімізді біз әңгімелеп отырған жарқын жобаның кезекті қатысушысы Әйгерім Жансұлтанова да қостайды.

– Мен Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алдым, – дейді ол ағынан жарылып. – Оны 2018 жылы ойдағыдай аяқтап, туған өлкеме, Атырауға оралдым. Себебі, алған білімімді жергілікті жердің көркейіп, кеңеюіне жұмсағым келді. Осында жүріп, «Атырау» газетінен «Жастар тәжірибесі» жобасының жетекшілері жергілікті жастарды жинап жатқаны жөнінде жаңалық оқыдым.

Содан дереу жұмыспен қамту орталығына барып, қажетті құжаттарымды тапсырдым. Мол мүмкіндікті мүлт жібермедім. Аталған орталықтағы мамандарға жолығып, ақыл-кеңес с ұ р а д ы м . О л а р б а р болғаны түйіндеме, диплом түпнұсқасы мен көшірмесі керек екенін айтты.

Содан кейін арнайы арыз толтырып, бір күн ішінде бағдарлама қатысушысы болып шыға келдім. Маған «Жастар тәжірибесі» бойынша көптеген бос жұмыс орындары ұсынылды. Еліміздің қай жерінен де жұмыс табуға болады екен. Мен осыған көз жеткіздім. Содан уақыт оздырмай жергілікті Жастар ресурстық орталығына сұрандым. Сөйтіп, сол жерде аталған жобаның негізінде тәжірибеден өттім. Болашақ жұмысыма біраз азық жинадым.

…Міне, осылайша, біздің кейіпкеріміз тұрақты жұмыс тапты. Нақтырақ айтқанда, Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік б а ғ д а р л а м а л а р ж ә н е азаматтардың хал актілерін тіркеу бөліміне орналасты. Мұнда ол мұрағатшы болып тұрғындарға қызмет көрсетеді. Уақытында жалақысын да толық алып тұрады.

Рас, білім ұясына барып қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ бермеді. Бәлкім, бұл жолы өзін басқа қырынан сынап көргісі келген шығар. Нәтижесінде, екінші тынысы ашылды. Бастысы, басқалар қызығарлықтай қызметі бар. Жұмысын жан-тәнімен сүйіп жасайды. Ал, одан артық не керек?

Қайта, бұл бағдарлама жұмыс таңдаушы түлектерге қызметтің кең таңдауын ұсынып отыр деген сөз ғой. Демек, біз сөз еткен бағдарламаның шартында дипломда көрсетілген мамандыққа қатысты қатып қалған талап жоқ. Олай болса, ел үшін ерінбей еңбек ет, жарқын жеңіс пен жетістікке жет, жас маман!

Гүләлия ИГІЛІКОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/barly%d2%93y-802-atyrauda-ta%d2%a3men-ta%d2%93y-%d2%afsh-adamnan-koronavirus-any%d2%9btaldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз