Жолы болған жобалар

a8d3406fe02cb4d2b45317981813303e Жаңалықтар

Өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ақпаратына сүйенсек, жобалардың жалпы құны 6,5 млрд теңгені құрайды.

135133504900

Ал, оның аясында өткізілген шараларға 400 мыңнан астам адам, 54 үкіметтік емес ұйым, 67 мекеме, 280 ғылыми-ағартушылық ұйым, 10 этномәдени бірлестік қатысыпты.

«Туған жер» арнайы жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде 30 жоба компаниялардың, 37 жоба меценаттардың, 9 жоба мекемелер мен еріктілердің ықпалымен іске асқан. Жобалардың басым көпшілігі саябақ, балабақша, мектеп, спорт кешені, балалар алаңдарының құрылысына саяды.

Ал, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында облыстағы 16 музейдің материалдық-техникалық базасы жақсартылып, заманауи технологияларды белсенді енгізу жұмыстары басталған. Аудиогид және музей құнды жәдігерлерін электронды тіркеуге арналған АС бағдарламасы қондырылған.

Мәдени-туристік кластерді дамыту мақсатында да бірқатар жұмыс атқарылыпты. Мәселен, өңірде үш бағытта маршрут жасақталды. Олар: «Атырау – Жылыой – Атырау», «Атырау – Исатай – Құрманғазы – Алтынжар – Атырау», «Атырау – Махамбет – Индер – Атырау».

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы шеңберінде 61 жоба жүзеге асты. «Жазушы» баспасынан 5-7 сыныпқа арналған «Өлкетану» оқулығы басып шығарылды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары 282 білім грантына ие болды. Бұл ретте, жұмысты одан әрі жандандыру мақсатында облыс орталығындағы үш жоғары оқу орны мен Назарбаев зияткерлік мектебі, «Білім-Инновация» лицейі базасында кіші жобалық кеңселер құрылды», – деп баяндады Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Орынтай Биманова.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз