Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды (ФОТО)

ANU 6519 e1515996582458 Білім

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының мәнін талдау мақсатында Атырау мұнай және газ университетінде «дөңгелек үстел» өтті. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының Атырау облысы филиалы мен аталмыш оқу орны ұйытқы болды.

ANU_6519

Алқалы жиында облыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова стратегиялық маңызды құжаттың ел дамуына жол ашатын басым бағыттарына тоқталды.

«Елбасы айтқандай, бүгінде көл-көсір мұнай дәуірі аяқталып келеді. Сондықтан, қазір назар аударатын маңызды міндеттердің бірі – агроөнеркәсіп кешенін дамыту. Оған елімізде кеңінен мүмкіндік беріліп жатқанда бізге еңбек өнімділігін арттырып, экспортқа бағытталған тауарларды молынан шығару қажет. Өндірісті жаңғырту жайы да ұмытылмауы тиіс»,-деді Нұрсәуле Сайлауова.

ANU_6493

Белгілі болғанындай, аймақта балық және балық өнімдері көлемінің 70 пайызы Ресей, Еуропа елдеріне экспортталады. 150-200 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен егін егіп, өнімдерін шетелге экспорттауда «Дастан», «Агрофеликс» шаруа қожалықтарын зор жұмыс атқаруда. Соңғы уақытта ет өнімдері де ресейлік тұтынушыларын тауып жатыр.

ANU_6492

Сондай-ақ, жиында басты инвестиция – адами капиталға ерекше көңіл бөлінді. Білім беру сапасы ұдайы назарда тұруы қажеттігі айтылып, сұранысқа орай кәсіптік білім берудің маңыздылығы да сөз болды. Бұл бағыттағы университеттегі жұмыстарға тоқталған оқу орнының ректоры Әли Әбішев кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңғыртып, тәжірибе алмасу мақсатында шетелдерден мамандар шақыртылып жатқанын айтты.

ANU_6510

Бұдан басқа, жиында Ассамблея мүшелері сөз сөйлеп, Елбасы Жолдауындағы міндеттерді қолдап, оны іске асыруда күш-жігермен еңбек ететіндіктерін ортаға салды.

Цифрлық технология – заман талабы

Жасұлан БИСЕМБИЕВ, облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы: Қазақстан жыл сайын дамыған елдер қатарына қарай батыл қадам басуда. Бұл жолы Ұлт Көшбасшысы цифрлы білім беру ресурстарын дамытуға бет бұрды. Кең жолақты интернетке қосу және мектептерді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыруды алға қойды. Мұндай талаптарды орындауға қазір мүмкіндік өте көп.

Мемлекеттік қызмет көрсету де электронды түрге көшуде. Бүгін бізде ТМД елдерінде қолданыста жоқ Еgov.kz жүйесі қызмет етуде. Компьютерде ғаламтор желісін пайдалануды үйрену үшін «Интернет – сіз үшін!» жобасы да бар. Осындай жағдайды пайдалана отырып, әрбір адам цифрлық технологияны толық меңгеруге ұмтылуы керек. Бұл – заман талабы.

Басты күшіміз – бірлікте

Людмила ЛИ, «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы: Бұл Жолдаудың мәні ерекше. Бүгінгі күннің өзекті мәселелері қозғалып, алғы бағыттарымыз айқындалды. Соның ішінде мен «Адами капитал – жаңғыру негізі» деген тарауға ерекше назар аудардым.

«Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» деген Елбасының сөзіне толық келісемін. Расымен де, қазір үш тілді білмесек, алға басуымыз қиын. Тағы бір айтарым, қандай міндетті іске асырсақ та, біздің басты күшіміз бірлікте болуы қажет.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз