«Жолда қабылдау» акциясы

4f1822e7 0bbb 4bfd a376 5902a4abfaf3 Жаңалықтар

Ішкі істер министрі, полиция генерал – майоры Ерлан Тұрғұмбаевтың тапсырмасына сәйкес, халықпен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысының Полиция департаменті ағымдағы жылдың 5-6 сәуірінде «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізді.​ ​ ​ ​ ​

Атырау қаласы мен барлық аудандар орталықтарында, елді мекендердің түрлі бөліктерінде, адамдар жаппай жиналатын жерлердегі арнайы жабдықталған автбустарда облыс тұрғындары толыққанды ақпарат алды – жол қауіпсіздігі мен көші-қон саласында, сондай –ақ азаматтық қару-жарақты сатып алу және тіркеу бойынша полиция қандай мемлкеттік қызметтер көрсететіні жөнінде. ​ ​ ​

Атырау облысы Жол полициясы бастығының орынбасары және әкімшілік, жергілікті полицясы мен көші-қон қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жеке қабылау жүргізді.​ ​ ​

a58fdc88 2ea6 4686 9646 3e738f8a1cb1

Акция барысында «Жолда қабылдау» қызметкерлерінен​ 596 азамат ақыл-кеңес сұрады.

Неғұрлым көп қойылған сауалдар келесідей мәселелерге қатысты болды: айыппұл төлеу (250), көші-қон заңнамасының сақталуы (40), жол қозғалысының ұйымдастырылуы (73), ТС қайта жабдықтау (29), автокөлікті тіркеу (86), жүргізуші куәлігін беру және алмастыру (72), азаматтық қару-жарақты сатып алу және тіркеу (18),​ ІІБ қызметкерлерінің (2), ЖПҚ-УПИ, КТІЖИ (26) қызметкерлерінің заңсыз қимылдары.

Азаматтарды қызықтырған тағы бір мәселе -​ автокөлікті ресімдеу және қайта жабдықтау тәртібі.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Шараға «Мемлекеттік копорация» азаматтарға арналған үкімет ҰАО-ның Атырау облысы бойынша филиалының қызметкерлері қатысты. Өз құзыреті шеңберінде корпорцияның қызметкерлері азаматтарға электронды – цифрлық қолтаңба алу бойынша ақыл-кеңестер берді және сол жерде ЭЦҚ кілттерін табыстады.​

Еуразиялық одақтан және үшінші елдерден Қазақстанға автокөліктерді алып келу тәртібі қандай – бұл жөнінде Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері түсінік берді.

Атыраулық азаматтардың әлеуметтік желілердегі белсенділігін ескере отырып, департаменттің «Фейсбуктағы» бетшесіне басымдық берілді. Акцияның бірінші күні акция өткізілген жерден тікелей эфир ұйымдастырылып, оның барысында тұрғындардың 100-ге жуық сауалына жауаптар жарияланды. Барлығы, бетшеде 194 комментарий болды,​ ​

Сондай-ақ, акция барысында Махамбет ауданында полиция қызметкерлері өздері үйлерді аралады. Мүмкіндігі шектеулі ер адам, тіркелмеген қаруды қабылдау жөнінде з үйінде ақыл-кеңес алып, сол үшін тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.​ ​ ​

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз