Жол инспекторларымен реттелетін 9 аймақ белгіленді

41611832 675410062841480 8604533546616356864 o Жаңалықтар

Атырауда жол инспекторларымен реттелетін 9 аймақ белгіленді.

41611832_675410062841480_8604533546616356864_o

Бүгінгі таңда Атырау қаласында жолдардың кеңейтілуі және күрделі жөндеуден өткізілуіне байланысты Владимирский, Тайманов даңғылы (Досмұхамедов – Гагарин аралығы) және Тельман көшесінің бойында автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылған.

Кептелістердің алдын алу мақсатында облыс орталығында жол инспекторларымен реттелетін 9 аймақ белгіленген. Сараптамаға сай, ол – «Көктем», «Мерей», «Атырау» СОСК маңы мен «Жеті қазына» ықшам ауданы.

Сондай–ақ, негізгі даңғылдардың бірі – Сәтпаев бойында 9 инспектор қозғалысты реттеуге жауапты. Яғни, халыққа қызмет көрсету орталығы мен аталған даңғыл бойындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің маңында 2 полицейден бекітілсе, Сатпаев даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысындағы айналма көпір тұсында реттеуші қызметкер қажетіне қарай кезекшілік атқарады.

Атырау облыстық ішкі істер департаменті жол инфрақұрылымының жаңартылу маңыздылығын ескере отырып, уақытша қолайсыздықтар мерзімінде жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін сақтау қажеттілігін қаперіне салады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз