Жол қауіпсіздігі ережесін сақтамай, «КИА Соренто» көлігіне соқтығысқан

ФОТО МАШИНА Жаңалықтар

Жылыой ауданында жол қауіпсіздігі ережесін сақтамай, «КИА Соренто» көлігіне соқтығысқан азамат жауапқа тартылды. Әкімшілік іс аудандық сотта қаралған.

ФОТО - МАШИНА

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2017 жылдың тамыз айында айыпталушы «Тойота-Хайлюкс» маркалы көлік құралын басқарып, Шаңырақ поселкесі, «Құлсары-Сарықамыс» тас жолында орналасқан темір жол өткелі жанында жол қауіпсіздігі ережесін сақтамаған. Салдарынан, «КИА Соренто» көлігіне соқтығып, оның иесіне материалдық залал келтiріпті.

Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындады. Сөйтіп, соттың үкімімен жол-көлік оқиғасына кінәлі саналып, оған әкімшілік жаза ретінде 22 690 теңге айыппұл салынды.

Айдос Қарабала

Фото livejournal.com сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз