ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН БАЛАНЫҢ МҮРДЕСІ ТАБЫЛДЫ

Облыстың Мақат ауылында жоғалып кеткен 7 жасар ұл баланың өлі денесі табылды.

Жеткіншек 23 ақпан күні сағат 14.30-дар шамасында үйінен шығып кеткен. Бірнеше сағаттардан кейін баланың анасы полицияға хабарласқан. Сол кезден бастап жерден де, әуеден де іздестіру шаралары қолға алынды, деп хабарлайды «Қаз Ақпарат» агенттігі жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

 Баланың мәйіті кеше, 28 ақпан күні, сағат 12-лер шамасында ауылдан 20 шақырым жерден табылды. Оның денесін жергілікті мұнай компаниясының қызметкерлері тауып алған. 

«Алдын ала мәліметтер бойынша, бала үсіп қалған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды. Баланың мүрдесі аудан орталығына жеткізіліп, сот медициналық сараптама өткізілуде. Сол кезде баланың көз жұмған уақыты мен себептері анықталады», – делінген агенттік хабарында.

Өз тілшіміз,
Суретті түсірген 
Рахим Қойлыбаев.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз