«Жігермұнайсервис» – үздік өндірістік кәсіпорын

лЖ¦герм найсервис¬ Ц зд¦к нд¦р¦ст¦к к с¦порын Жаңалықтар

Елбасының «Алтын сапа» арнайы сыйлығын иеленгендердің бірі атыраулық  «ЖігерМұнайСервис» ЖШС болатын. Осылайша, бұл компания  «Үздік өндірістік кәсіпорын» номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылды.

%d0%bb%d0%b6%c2%a6%d0%b3%d0%b5%d1%80%d0%bc__%d0%bd%d0%b0%d0%b9%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b2%d0%b8%d1%81%c2%ac-%d1%86-__%d0%b7%d0%b4%c2%a6%d0%ba-__%d0%bd%d0%b4%c2%a6%d1%80%c2%a6%d1%81%d1%82%c2%a6%d0%ba

Жағымды жаңалықты әріптестерімен бөлісу мақсатында мекеме басшылығы мерекеалды кездесу өткізді. Жиынға қатысушылар алдында алғашқы болып сөз алған  серіктестіктің басқарма төрағасы Асхат Дүйсәлиев ұжымдастарын  айтулы марапатты еншілеуімен құттықтады. Бұдан соң облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Бекбаева аймақ басшылығы атынан жылы лебізін жолдады.

Соңынан ұжым басшысы Рафик Мұхатов та қуанышты сәтке орай құттықтау-тілегін жолдап,  кәсіпорынның қол жеткізген жетістіктерімен, стратегиялық жоспарларымен таныстырды. Бір топ өндіріс озатын Алғыс хатпен марапаттады.

%d0%bb%d0%b6%c2%a6%d0%b3%d0%b5%d1%80%d0%bc__%d0%bd%d0%b0%d0%b9%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b2%d0%b8%d1%81%c2%ac-%d1%86-__%d0%b7%d0%b4%c2%a6%d0%ba-__%d0%bd%d0%b4%c2%a6%d1%80%c2%a6%d1%81%d1%82%c2%a6%d0%ba

Айта кету керек, негізінен мұнай ұңғыларын тереңдете бұрғылауға арналған қуатты қондырғылар мен стандартты емес металл конструкциялары өндірісіне маманданған, Қазақстан нарығында 16 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан «ЖігерМұнайСервис» ЖШС – «Казбуринвест» республикалық холдингінің құрамына кіретін 14 кәсіпорынның бірі. Мұнда мұнай-газ саласындағы отандық, сондай-ақ, бірлескен кәсіпорындардың тапсырыстарымен өнімдер дайындалады. Қазіргі таңда серіктестікте 400-дің үстінде  адам  тұрақты жұмыспен қамтылса, маусымдық жұмыстардың   ауқымына байланысты олардың саны 600-700-ге дейін көбейіп отырады.

Дәулетқали Аруев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз