«Жер болса, үй салғымыз келеді»

АПТА: түйін Аудан хабарлары Жаңалықтар

Индербор кентінің әкімі Алмас Құсайынов өткен жылы атқарылған жұмыстары туралы халық алдында есеп берді.

«Жер болса, үй салғымыз келеді»

Кентте 13 мыңға жуық тұрғын бар. Мұнда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға 3393 азамат өтініш білдірген. Жер телімін беру тиісті ережеге сәйкес жүргізіледі. Бірақ, кенттің бас жоспарына сәйкес жоспарлау жобасы болмауына байланысты  кәсіпкерлікке және басқа да мақсаттарға жер телімін беру уақытша тоқтатылған. Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін 32 арыз жер бөлу жөніндегі комиссияға ұсынылып, шешім  шығарылған.

Жер телімін заңдастыру үшін жерге орналастыру жобасы жасақталыпты. Енді мемлекеттік құқық беретін актісі жасақталады. 0,2500 гектар жер теліміне мал моласы үшін нысан салынды. Жалпы, былтыр тұрғындардан жер жөнінде түскен 419 арызға тиісті деңгейде жауаптар берілген.

Кент тұрғындары Ғ.Ғабдуллина, Н.Қуанова, М.Қарабалин және С.Қайырлиевты көше тазалығы, көп қабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары секілді мәселелер мазалайды.

Сұңқар КӨШЕК,

Индер ауданы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған