Жемқорлық – қоғам дерті

  Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамның мемлекетке, оның институттарына сенімін нығайту. Бұл ретте Атырау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы тарапынан бірқатар шара қолға алынуда.

  Бүгінде рұқсат беру құжаттарын, яғни жобаға және нысанға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесін кешенді ведомстводан тыс сараптау аясында электронды түрде алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметті пайдаланушылардың құжат алуына жағдай жасап, сыбайластықпен байланысты құқық бұзушылықты барынша төмендетеді. Осы орайда Атырау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында 35-54-62 сенім телефоны жұмыс жасайды. Егер, кімде кім сала мамандарының салдарынан қандай да бір заңдылыққа қайшы іс-әрекеттерге кездессе, көрсетілген телефон нөміріне хабарласулары сұралады.

Г.ҒИНАЯТОВА,

Атырау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз