Жастар қарттарды іздеп келді

Жастар қарттарды іздеп келді Жаңалықтар

«Қамқорлық айлығы» кезінде көптеген жақсы істерге куә болғанымыз рас. Осы мезгілде өңіріміздің кәсіпкер азаматтары, мекеме басшылары әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына, «Қариялар үйіне» көмегін көрсетіп, алғыс арқалады. Әлбетте, «Екі нәрсені ұмытып кету қажет. Бірі – өзіңе біреудің жасаған жамандығын, екіншісі – өзіңнің біреуге жасаған жақсылығыңды» деген Пайғамбар хадисін білмейтін адам жоқ шығар. Сондықтан, жақсылық жарнама үшін емес, қаяулы жүректерге аяушылық сезіммен жасалғанын  да жасырмаймыз.

%d0%b6%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%80-%d2%9b%d0%b0%d1%80%d1%82%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b4%d1%8b-%d1%96%d0%b7%d0%b4%d0%b5%d0%bf-%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d1%96

Атырау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде, интернат үйінің  қызмет алушыларына «Қарттар күні және қайырымдылық айы»  аясында мерекелік шара өткізілді. Мерекеге қала әкімі С.Шәпкенов  қатынасып, 100 жасқа толған  Б.Садықова әжеге  сыйлықтарын табыстады. Қарияларды мейрамдарымен арнайы құттықтап, олармен әрдайым бірге екендіктерін айтып, зор денсаулық,  жақсы көңіл-күй тілеп, мекемеге  кір жуатын машина сыйлады.

Сонымен қатар, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Атырау облысы бойынша филиалының басшысы Т.Нұржанов, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес  акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаментінің басшысы Г.Есқалиева, Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Өтеғалиева, «АМӨЗ» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы атынан Г.Өтеғалиева, «ТексолТрансСервис» ЖШС басшысы Б.Зиганчин  интернатта тұратын  егде жандарды құттықтап, сыйлықтарын табыстады.

Мереке облыстық Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы өнерпаздарының сазды бағдарламасына ұласты. Ш.Сариев атындағы көркем сурет және қолданбалы сәндік өнер мұражайы өздерінің төл туындыларын интернат фойесіне орналастырды. Оны қариялар тамсана тамашалады. Шара соңында облыстық «Иманғали» орталық мешітінің  ұйымдастыруымен мерекелік дастархан жайылды. Өздерін елеп келген мекеме басшыларына ризашылық көңілдерін білдіріп,  қызмет алушы қарттар атынан Н.Славов, Л.Славова  алғыс айтты.

Жақсылықтың жаршылары

Жоғарыда айтып өткендей, «Қарттар күні мен қайырымдылық айлығына» орай  кезінде елге еңбек еткен, бүгінде зейнетке шыққан, әртүрлі жағдайлармен тағдырлары «Қариялар үйінде» тоғысқан ардагерлерді қалалық №31, №32,  №28,  №9 Ш.Уалиханов, Ғ.Мұратбаев, №15 Абай, №26 С.Датов, №5 Ғ.Мүсірепов, №4 Ю.А.Гагарин, №16 Ж.Қаражігітов, №6 М.Мөңкеұлы, №12 Ф.Досымова, №27 И.Тайманов, Амангелді, Б.Нысанбаев,  Ә.Жангелдин, Жамбыл атындағы орта мектептері мен №30 мектеп-гимназия, №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық гимназия оқушылары сазды бағдарлама ұсынып, мерекелерімен құттықтап, өздерінің  өнерлерін көрсетті.

Атырау «Бизнес және құқық колледжі», Қатира Дүтбаева атындағы «Атырау гуманитарлық колледжі», Саламат Мұқашев атындағы «Атырау политехникалық колледжі», Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжінің өнерлі студенттері өз белсенділіктерін байқатты.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің белсенді студенттерінен құралған «Жақсылыққа жаным жақын» атты еріктілер тобы   қайырымдылықты, мейірімділікті, сыйластықты ту ете отырып, қазақи салт-дәстүрді, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді.

Отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар үйінің  өнерпаз жасөспірімдері, сонымен қатар, «Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы» ұжымы да қатынасып, ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, алғыстарын білдіріп, сыйлықтарын табыстады. «Жас ұлан» оқушылар ұйымы «Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың көрінісі»  атты кеш ұйымдастырды.

Атырау облысы әкімі аппараты Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының Мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының тыңдаушылары және қайта даярлау бөлімінің меңгерушісі М.Мұғауина қарттарды  мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, амандық тілеп, ризашылықтарын білдіріп, сыйлықтарын табыстады.

Қариялар қуанған күн

Атырау облыстық xалық шығармашылығы орталығының басшысы Амантай Берғалиев және Атырау өңіріне танымал ақын қыздар Әлия Даулетбаева, Нәзира Әшім,  өнер жанашыры Алма Андарбаева қарияларды мерекелерімен құттықтауға арнайы келді. ҚР Мәдениет қайраткері, «Үкілі үміт» композиторлар байқауының лауреаты, актер, композитор, өнертанушы Қадырғали Көбентайдың өнерін тамашалаудың сәті түсті.

Ерікті А.Қуанышева қариялар үйінің тұрғындарына Атырау қаласының белсенді де өнерлі жастарының мерекелік сазды бағдарламасын тарту етті.  «Азия-шоу»  циркі, вокалдық  «Иверия» студиясы, «Таңсәрі» музыкалық шоуының өнерпаздары қатынасып, түрлі ойындар ойнатылып, қарттар қуанып қалды. Қала жастары  егде жастағы әжелер мен аталарды мерекелерімен құттықтап, оларға бар жақсылықты тілеп, 105 қарияға сыйлықтарын табыстады.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз