Жас ұрпақтың қуаты – Қазақстанның қуаты

Жас ұрпақтың қуаты Жаңалықтар

Кеше Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өзгеше сипаттағы жиын – республикалық жастар форумы өтті. Бұл шараға Қазақстанның барлық өңірінен 1000-нан астам адам, соның ішінде кәсіпкерлер, өндірістің түрлі саласының еңбеккерлері, ғалымдар, студенттер, танымал спортшылар мен жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

%d0%b6%d0%b0%d1%81-%d2%b1%d1%80%d0%bf%d0%b0%d2%9b%d1%82%d1%8b%d2%a3-%d2%9b%d1%83%d0%b0%d1%82%d1%8b

«Қазақстан жастары бақытты бол­сын! Қазақстанымыз, еліміз мәң­гі­лік болсын!». Тәуелсіздік сарайын­да ұйым­дастырылған форум­ға қаты­с­у­ға арнайы келген Елбасы ал­ғаш­қы сөзін осылай бастады. Мем­ле­кет басшысы бұдан кейін Қазақ­стан­­дағы 15-тен 29 жасқа дейінгі 5 мил­лион­ға тарта жасты форумның ашылуы­мен құттықтап, үлкен бақыт, зор денсаулық тіледі. «Бұл басқосуға еліміздің әр түкпірінен сан түрлі мамандықты игерген жастар жиналып отыр. Жас ұрпақтың қуаты – Тәуелсіз Қазақстанның қуаты. Бүгін – Тұңғыш Президент күні. Бұл – қазақ қазақ болғалы, Тұңғыш Президентін бүкіл халық болып, дербес түрде сай­лаған елдің қуанышты күні.

Екінші қуаныш – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл – ата-баба арманының орындалғанының айғағы. Біз бар­лық қиыншылықты көтеріп, елімізді әлем кар­тасында белгіледік, сол ар­қы­­лы оның дәрежесін көтердік. Ал елі­­міз ме­­рей­інің үстем болуы – бар­­ша хал­­қы­мыз­дың еңбегінің ар­қасы. Біз бүгінгі күнге дейін жүзеге асы­рыл­ған шаруалардың барлығын ай­тып жүр­міз. Уақыт зымырап өтіп жа­тыр. Бар­лығы өте тез. Сондықтан, жастары­мыз бүгін­гі ахуалды, төңіректегі жағ­дай­ды осылай болуы тиіс деп ой­лай­­ды. Ол да дұрыс. Себебі, біз де солай ойлағанбыз. Бірақ та, аға буын­ның, ата-әжелеріңнің, әкелерің мен ана­ларың­ның істеген қыруар жұ­мы­сы­ның арқасында ғана біз Қазақ­станы­­мыз­ды осындай жағдайға жеткіз­дік. Бұрын біз Кеңес Одағының бір бөл­шегі едік. Ешкімге белгісіз. Сол бөл­шек­тен ел жасау, жұрт жасау, оның ба­р­лық қажетті рәміздерін қабылдау, дү­ние жүзіне паш ету оңай болған жоқ. Түрлі қиындықтан өттік. Бүгін әл-ау­қаты орта деңгейден жоғары мем­ле­кет­тердің ішіне кірдік. Бұл – бар­лы­ғы­мыздың еңбегіміздің арқасы. Әрине, бүгінгі заман оңай емес. Сон­дық­тан, болашаққа қарау керек», деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Елбасы: «Сіздер Тәуелсіздікпен құрдас­сыздар. Сіздер Отанымыз­дың кеңестік тари­хы, әке-шеше­леріміз өмір сүрген жү­йе, тәуелсіз Қазақстанның ал­ғаш­қы қиын­дықтары туралы білмейтін алғашқы буынсыздар. Сіздерге басқа өмір таныс емес. Алайда, Тәуелсіздіктің бізге ғана емес, барлық халықтарға үлкен қиын­дықпен келетінін білулеріңіз қажет, – деді жиын аясында сөйлеген сөзінде. – Еліміз қиын жолды бастан өткерді. Мәселен, гиперинфляция, жаппай жұмыс­сыздық, өнеркәсіп орындарының жабылуы, жалақы мен зейнетақының жоқтығы. Сондай кезде бізге жұмыс істеу керек болды, Қазақстанның аяғынан тұрып кете алатынын дәлелдеу қажет болды. Бұл ретте түрлі жорамалдар айтылды. «Көп ұлтты, ішкі тұрақсыздығы, әлсіз экономикасы бар Қазақстан мемлекет бола алмайды» деген пікірлер болды. 90-жылдардың басындағы ешкім білмейтін, тұрмыс деңгейі өте төмен елдегі жағдай осындай еді. Алайда, біз бәрі керісінше екенін дәлелдедік».

Елбасы, сонымен қатар, Парламент­ті неліктен бірнеше рет таратуға тура келгеніне де тоқталды. «Ескі жүйе бойынша сайланған Парламент жаңа реформаларды жасауға қарсылық көрсетті. Сондықтан, жауапкершілікті көтеруге тура келді. Бір жағынан олар­ды да кінәлауға болмайды. Себе­бі, олар басқа формацияның адам­дары еді. Жекешелендіру, нарық, ер­кін эко­но­мика, еркін саясат сияқты ұғым­дар оларға түсініксіз болатын. Осылай­ша, сол дүрбелең жылдары биліктегі қатаң конфронтация жағдайында бір­неше рет Парламентті таратып, жауап­кер­ші­­лікті өз мойныма алуға тура келді. Сөйтіп, бес айда заңдық күші бар 147 Жарлықты дайындап, жарияладық. Ал бұл шешімдер Қазақстанның өзге посткеңестік елдермен салыстырғанда әлдеқайда алға озуына мүмкіндік берді», деді Елбасы.

Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміз тәуелсіздік алған бастапқы уақыт­тағы мемлекеттілікті қалыптас­тыру­дың қиын кезеңі туралы әңгіме­леп, республикамызда жастар­дың өмірден өз орнын табуына бірегей мүмкіндіктер жасалғанына, жедел өзгеру үстіндегі қазіргі әлемнің заманауи талаптарына сай келетін, сын-қатерлеріне лайықты төтеп бере­тін сапалы білім алудың маңыз­ды­лы­ғына назар аударды. Еліміздің жет­кен та­бы­сының тарихы – ең алды­мен оның жастары қол жеткізген табыс­тың тарихы екенін атап өтті. «Жас ұр­паққа, өткеніміз бен келе­ше­гі­м­ізге қамқорлықпен қарау әрқа­шан менің саясатымның басты мән-маңызы бо­лып келеді. Әрбір жас қазақ­стан­ды­қ­тың білім алуына, жұмыс істеуіне, от­басын құруына, баспана алуына мүм­кіндігі бар», деді Елбасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Баршаға – кәсіби білім» бағдарлама­сы­ның енгізіліп жатқанын айтты. «Мемлекет баршаның өндірістен жұ­мыс орнын табуына кепілдік бере­тін өмірдегі алғашқы жұмысшы ма­ман­дығын тегін алуға мүмкіндік ту­ғы­зып отыр», деді Қазақстан Прези­денті. Осылай дей келе, Президент жұмыс­шы жастарды құрметтеуге ша­­­қыр­ды. «Әлемде барлық нәрсе жұ­мыс­­шы қолымен жасалады. Біз ком­пью­тер алдында отырамыз. Алай­да, дәнді-дақылды себетін, жи­най­­тын, нан пісіретін, темір қоры­татын – жұ­мыс­­шылар. Олар маши­на жүр­гізе­ді, үйлер салады, жөн­дей­ді, зауыт­тар тұр­­ғызады. Бұл жерде ме­нің айт­пағым мынау: кез кел­ген эконо­ми­ка жұмыс­шы­­лардың арқа­сын­да дами­ды. Сон­дық­тан, жұмысшы жас­тар­ға құрмет көрсе­тейік», деді бұл орайда Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет бас­шысы жеті жыл бұрын бастал­ған «Дип­лом­мен – ауылға!» бағдарла­масына да тоқталды. «Бәрі ауылдан қалаға жаппай қоныс аударған кездер болды. Бұл – бүкіл әлемде бар процесс. Яғни, үлкен қалалар әрқа­шан адамдарды өзіне тартады. Алай­да, біздегі жағдай өзгеше. Құнар­лы жерлері, 40 миллион гектар егіс алқабы, 290 миллион гек­тар жайы­лым­дық жерлері бар еліміз бүкіл әлемді органикалық өнімдермен қамти алады. Бүгінде тұрғындар саны өсіп келеді, ауыл шаруашылығы өнім­­деріне сұраныс та бір орнында тұр­­май, өскен үстіне өсе береді. Ауыл шаруа­­шы­­лығына сұраныс та ұлғая бер­­мек. Өйткені, қалай болғанда да, адам­­ға әрқашан күніне үш мезгіл тамақ ішу керек. Сол себепті біздегі ауыл шаруа­­шылығы саласының бола­ша­ғы үлкен», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жиын барысында Мемлекет бас­шысы «Бизнестің жол кар­тасы-2020» бағдарламасы аясын­да жас кәсіпкерлерге қолдау көр­сету ісіне зор мән беріліп отыр­ға­нын айтты. «Тек 2016 жылғы бірін­ші жартыжылдықта жас бизнес­мен­дердің 55 жобасына банк несие­лері­нің пайыздық төлемдерін мем­лекет тарапынан субсидиялау түрін­дегі қаржылық қолдау көр­сетілді. Біздің мақсатымыз – еліміз­дің шағын және орта бизнесінің Қазақ­стан өнімінің жартысынан астамын өндіруіне қол жеткізу», – деді Елбасы. Сонымен бірге, Пре­зи­дент қазір Қазақстанда бизнес ашу үшін таптырмайтын кезең екенін жеткізе келе: «Жаңа ин­дус­триялық жобалар көптеп ашы­­лып жатыр, бүгінде индус­трия­­лық бағ­дарламаны іске асыру­да­­мыз. Жел­тоқсанның 6-сы күні оның қо­ры­тындысын шы­ға­ра­мыз. Ал­ғашқы бес жыл ішін­де 1000-нан аса кәсіпорын ашыл­ды. Келесі бес жылда тағы 300-400 кәсіп­орын ашылмақ. Бұған қоса, ірі кәсіп­орындардың айна­ла­­сын­да шағын кәсіпорындар да пай­да болуда. Бұл кәсіпорындар ауқым­­ды компанияларға сервистік қыз­мет көрсетеді», – деді.

Мемлекет басшысы қазіргі таңда жекешелендірудің жүріп жат­қ­анын, сондықтан осы мүмкін­дікті пайдаланып, жұмыс істеу керек­­тігін, ал жастардың бұл про­цес­ке қатысуы үшін оларға кө­мек­тесу­лері қажеттігін де жеткіз­ді.

Қазақстан Президенті «Жасыл ел» студент және жастар жасақтары жұмысына қатысушыларға айрық­ша ризашылығын білдірді. «Ең­бек жасақтарының жұмысына 250 мың­нан астам жас атсалысты. Олар 150 мың гектар жерге 50 мил­­лион­ға жуық ағаш отырғызды. Ең­­бек жасақтарының ізгі мақсаты – елі­мізді көгалдандыру және оның эко­ло­гиялық тұрғыдан таза болуын қам­тамасыз ету», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарын­да жас зерттеушілер мен ғалым­дар санының артқанын айт­ты. «Жастарымыздың әлем­дік дең­гейдегі Назарбаев Универ­ситет­те білім алуына мүмкіндіктері бар. Бүгін жастар алдында бар әлем­­нің есігі ашық. Сіздер жақсы уа­қыт­та өмір сүріп, болашаққа нық қадам басып бара жатқан елмен бірге өсіп келесіздер. Ел ішін­де де, әлемде де, соның ішінде мем­­­ле­­­кет­­тер арасындағы қарым-қаты­­­нас са­ла­сында да жұмыс жа­сай­тын бір ғана қағида бар, ол – бәсе­­­ке­­лік­­тің мәңгілік механизмі», – деді Елбасы. Президенттің айтуын­­­­ша, соңғы 5 жылда жас ға­лым­­­­дар саны 60 пайызға артқан екен. «Бізде Қазақстанның атын әлем­­­ге таны­татын ғалымдар же­тер­­­лік. Талант­ты жастар бар, олар­­­­­дың ниет­тері де, ойлары да бар. Мен Қазақ­станның бар­­лық жас ға­лым­­­­дарына зор табыс­тар тілей­­мін. Сіздер біздің тара­пы­­мыз­­дан үл­кен қол­дау­ды сезі­ніп отыр­сыз­дар. Мәселен, біз Білім туралы ар­­­на­йы заң қабыл­дадық. Егер сіз­­д­ер­­­дің нақ­­ты жобаларыңыз, стар­тап­­­тары­­­ңыз болса, онда комис­­сия оның қан­ша­лықты өмір­шең еке­нін анық­­тап, соған сай қар­­жы бөле­ді», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті ғылым­и қамтымды экономикаға көшу оның өсімінің икемділігін, қарқын­дылығын және орнықтылы­ғын қамта­масыз ететінін атап өтті. «Сон­дықтан Қазақстанның әлем­дегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуы ғылыми қамтымды эко­но­­ми­­каға негізделуге тиіс. Әлем жаңа технологиялық дәуір­ге аяқ басты. Оның үрдістері таңғал­ды­ра­ды, тәнті етеді және тамсан­ды­­ра­­ды, сонымен бірге, ол елдің келе­шегіне қатысты мәселеге орай қатаң талап қояды. Болашақ біздің ал­ды­мызға мынадай үзілді-кесілді шарт қойып отыр: бар бол, жетіл немесе жоқ бол!» – деді Мемлекет басшысы.

Форум аясында Нұрсұлтан Назарбаев жаңа технологиялар заманында қоғам үшін сын-қатер болып саналатын құбылыстарға айрықша тоқталды. «Бұл иннова­ция­лардың артында тұрған негізгі әлеуметтік сын-қатер, ол – көп­теген кәсіп түрінің жойылуы, жұмыс орындарының жап­пай қысқаруы, яғни жаһан бойын­ша жұмыспен қамту аясының тарылуы. Бұған дейін менің бастамам­мен әзір­ленген инновация­лық индустрия­ландыру, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдар­ламаларымен тығыз байланысты Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының өзектілігі ерекше артып келеді», – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Қазақстан Прези­денті дамыған елдердің универ­си­тет­терінде қарқын алып келе жатқан жастар инновациясына баса назар аударды. «Қазақстан студенттері ортасында да стартап санының артуы үшін осындай қолайлы жағдай жасау қажет деп санаймын. Қазір еліміздің жетек­ші жоғары оқу орындарында да алғаш­қы табысты жобалар пайда бола бастады. Осы тәжірибені өрістете түсу керек. Бұл – Білім және ғылым министрлігі басшы­лығының, жоғары оқу орындары мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшыларының міндеті», – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қазақстан Прези­денті туризм, құрылыс, халық­қа қызмет көрсету салаларында, жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруа­шы­лы­ғында еңбекпен қамтуға және кәсіпкерлікті дамытуға мол мүм­кіндіктер бар екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, соны­мен қатар, спортшылар мен шығар­­ма­шыл жастарға, барлық жас өнер қайраткерлеріне ыстық ықыласын білдірді. Бұл ретте, Елбасы мәде­ни бағдарлама аясын­да және «Бола­шақтың энергия­сы» атты тақырыппен өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көр­ме­сіндегі волон­тер­лер жұмысы барысында Қазақ­стан­ды лайық­ты деңгейде таныту­ларына тілектес­­тігін жеткізді.

Сөзінің соңында Қазақстан Президенті баршаға денсаулық, бақыт және игілік тілеп, мемлекет­тің барлық табысына еліміздегі тұрақтылықтың, тыныштықтың және 100-ден астам этнос өкілдері достығының арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.

«Егемен Қазақстан»,

2 желтоқсан, 2016 жыл.

Делегаттар сөз алады

Жаңа жетістіктерге бастады

Менің  жасым 25-те. Тәуелсіздігімізге де 25 жыл. Яғни, республикалық жастар форумы «осы ширек ғасыр аралығында егемендік үшін не жасалды, жастардың дамуына, біліміне жұмсалған күш-қуат қандай нәтиже берді, бүгінгі таңда жастарымыз ертеңгі күнге сеніммен қарай ала ма?»  деген сан сауалдарға жауаптар берген шара болды деп ойлаймын.  Себебі, бүкіл Қазақстаннан  мыңнан аса белсенді жас бір аудиторияға жиналды.

%d0%bc%d0%b5%d0%b4%d0%b5%d1%82-%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%ba%d0%b5%d0%bd

Биыл жазда Атырау қаласында заманауи концептуалды сауда, ойын-сауық орталығын, одан кейін «Төмен баға – жоғары сапа» форматындағы гипермаркет ашып, жерлестерімізді 1 мыңнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз еттік. Өткен аптада ғана атыраулықтар көптен күткен балалар ойын алаңының тұсауы кесілді.

Біздің мақсатымыз – өңірдегі сауда жүйесін заманауи стандарттарға сәйкестендіру. Өзіміз қолға алған жобаларға жалпы сомасы 10 миллиард теңге көлемінде инвестиция тарттық. Олардың басым бөлігі – несиелік қаржы. Алайда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында біршама жеңілдіктерге қол жеткіздік.

Президентпен жүздесуде осы бастамаларымызды айтып, жаңа жеңістерге сенім берер күш-жігер алғаныма қуаныштымын.

Медет БАЙКЕН,

«BAIZAAR» сауда

орталығының басшысы.

Болашаққа – нық сеніммен!

Қазақ елінің Көшбасшысымен кездесу – мен үшін үлкен мәртебе, ұмытылмас сәт болды. Себебі, сан мыңдаған жастардың арасынан таңдалып шақырту алу – мен үшін жетістік.

%d0%bd%d1%83%d1%80%d0%b1%d0%be%d0%bb-%d0%b1%d0%b8%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2

Мемлекет басшысымен  кездесу өмірімде қойған мақсаттарымды айқындауға, бағдарлауға жол ашады деп сенемін. Тәуелсіз Қазақстанның жалынды жастарымен жүздесуге жағдай жасаған Елбасыға үлкен алғысымды білдіремін.

Әлемдік державада ойып тұрып орын алатын, экономикасы дамыған, жастары білімді, кез келген елмен бәсекелесе алатын, рухы биік, мақсаты айқын Қазақ елінде туғанымды мақтан тұтамын. Бабалар сан мың жыл аңсаған айшықты мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Тұңғыш Президент  күні  Ұлт  Көшбасшысымен кездесу шалғай ауылдағы мен секілді жасқа үлкен міндет, жауапкершілік жүктеді. Сондықтан, осы форумда айтылған міндеттерді өз жерлестеріме жеткізбекпін.

Нұрбол БИЖАНОВ,

Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты. 

 

Ел қорғаны – біз!

Форумда Елбасымен жүздесу жастарға жаңа леп, жалынды жігер берді. Бұлай деп айтуға үлкен себеп бар. Өйткені, Мемлекет басшысының ел игілігіне жасап жатқан еңбегі ерен. Сондықтан, әрбір жас Ұлт Көшбасшысынан үлгі алуы тиіс.

%d0%b6%d0%b0%d1%81%d1%83%d0%bb%d0%b0%d0%bd-%d1%81%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d0%b8%d0%b5%d0%b2

Қартына қадірлі, жасына қорған бола білген Елбасымен кездесу мен сияқты қазақтың қарапайым баласы үшін ғұмырымдағы үлкен жетістік болды деп айта аламын.

Мақсатымыз бір — Мәңгілік ел. Оның алғашқы іргетасы қаланды, енді қабырғасын қайыстырып алмай, еліміздің бірлігін бұзбай, берекесін сақтап, қорғанысымызды мықтап, бұдан да қуатты Қазақстан қоғамын дамыту –басты міндет.

Жасұлан САТЫБАЛДИЕВ,

Атырау облысы қорғаныс департаментінің

 әскерден тыс дайындық бөлімінің басшысы.

 

Отан оттан да ыстық

Форумды ұйымдастырушылардың мақсаттарының бірі – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру болса, ол ниет көздегеніне жетті деп ойлаймын.

%d0%b4%d0%b0%d1%83%d1%80%d0%b5%d0%bd-%d1%81%d0%b5%d0%b9%d1%82%d0%ba%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b5%d0%b2

Патриоттық сезімдері бойларын кернеген азат елдің ұландары бірінен соң бірі сөз алып, тәуелсіздіктің арқасында жеткен жетістіктерімен бөлісті.

Біз – тәуелсіз елдің патриотымыз. Сондықтан, туған Қазақстанымыздың биіктерге көтеріліп, экономикасының дамуы үшін білімімізді шыңдап, өзге елдер  жастарының алдына шықсақ, Қазақстан  әлем халқы қызығатындай болатындығына сенемін.

Дәурен СЕЙТҚАЛИЕВ,

«Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.

 

Өмірімдегі ерекше сәт

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған тарихи  форумда  мемлекетіміздің әр аймағынан әр салада қызмет ететін өз ісінің майталман  жастарымен бірге мен де Қазақстанды әлемге танытып, Алаш жұртының  абыройын  асқақтатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге мүмкіндік алдым. Бұл – менің өмірімдегі ерекше сәт.

форумның пленарлық отырысына қатысқан ҚР Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов жастарға табысқа жету үшін талапты болумен қатар, білімді болу қажеттігін, білім, ғылым саласы мемлекет назарынан еш уақытта тыс қалмайтынын баса айтты. Міне, осы қамқорлықты біз дұрыс пайдаланып, алға қарай ұмтылуымыз қажет.

Әйгерім ҚҰСПАНОВА,

Индер аудандық

жастар ресурстық

 орталығының жетекшісі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз