Жас мамандар баспаналы болды

zhas mamandar baspanalyi boldyi 7 Жаңалықтар

Құрманғазы ауданының РТС елді мекенінде жаңадан салынған бір пәтерлік 10 үй тұрғындарға табыс етілді. Баспана кілті бірінші кезекте ауданға қажетті мамандарға, дәрігерлерге беріліп отыр.

zhas-mamandar-baspanalyi-boldyi-7

Салтанатты шарада Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз Шаяхметов аудан тұрғындарын тәуелсіздіктің мерейтойымен құттықтап: «Тұрғын үй кілті кезекте тұрған үш отбасы мен ауданымызға тапшы бес дәрігерге және бір әскери комиссариат басшысына табысталып отыр. Қоныстарың құтқа толсын. Ел игілігі үшін атқарған қызметтеріңізге жеміс тілеймін», – деді.

zhas-mamandar-baspanalyi-boldyi-6

Жаңа баспанаға ие болғандардың қатарында аудандық емхананың жалпы учаскелік дәрігері Іңкәр Ешимова, орталық аурухананың презентхана бөлімшесінің дәрігері Жанәбіл Абдыхалықов, ота бөлімшесінің хирургі Нұрғиса Шолпанов және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Нұржан Мырзаханов бар.

zhas-mamandar-baspanalyi-boldyi-3

– Бүгін міне, баспанаға ие болып отырмын. Бұл еліміздегі денсаулық саласына деген қамқорлықтың көрінісі. Баспана бақытын сыйлаған аудан басшылығына алғысымды білдіремін, – дейді жаңа қонысқа ие болған аудандық емхананың №19 дәрігерлік учаскесінің жалпы учаскелік дәрігері Іңкәр Ешимова.

Мереке Асанова

ATPress.kz сайтынан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз