Жас Қайраты елімнің…

ЖАС айраты ел¦мн¦ Жаңалықтар

Өткен айда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінген, жоғары оқу орындарына түсе алмаған жастардың жұмысқа орналасу мәселесін көтеріп, бұл түйткілді шешу жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктері  арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

%d0%b6%d0%b0%d1%81-__%d0%b0%d0%b9%d1%80%d0%b0%d1%82%d1%8b-%d0%b5%d0%bb%c2%a6%d0%bc%d0%bd%c2%a6__

 Бас партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, бұл қадам жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіштерін төмендету, ҰБТ тапсыру кезінде шекті деңгейге жетпеген мектеп түлектерінің білім алуы мен жұмысқа орналасуына көмек көрсетудің белсенді шараларына тарту мәселелері бойынша бірлескен және келісілген өзара  қолдау мен белсенді ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр. Яғни, енді аталмыш құжат арқылы ұлттық бірыңғай тестілеуде тиісті балға қолы жетпеген, жоғары оқу орындарына түсе алмаған мектеп түлектеріне қолдау көрсетілетін болады.

«Елбасының тапсырмасын орындау арқылы бірнеше өзекті мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді. Біріншіден, мектеп бітірген жастар жаңа жұмыс орнымен қамтылады. Екіншіден, Елбасының «Нұрлы жол», жаңа индустрияландыру бағдарламаларымен ашылған кәсіпорындар жұмысшылармен толығады. Үшіншіден, жұмыссыз жастардың теріс жолға түсуінің алдын алуға болады» – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Меморандумға қол қою рәсімінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ректорының міндетін атқарушы Абзал Тәлтенов  осы тақырып бойынша атқарылған жұмыстар туралы  айтып өтті. «Өкінішке орай, Атырау облысы ҰБТ қорытындысы бойынша соңғы жылдары жақсы нәтиже көрсете алмай келеді. Осының әсерінен көптеген мектеп түлектері оқуларын жалғастыра алмай жастарымыз іргелес Ресейдің жоғары оқу орындарына  баратын  болды. Биылғы жылғы енгізілген оң өзгерістер осындай жастарға жақсы мүмкіндіктер берді. Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен биыл ұлттық бірыңғай тестілеуді екінші рет тапсыруға рұқсат етілді және жасөспірім ұрпақтың өмір мектебін ғылыми ортада бастауына жағдайлар жасалды. Былтырғы мектеп түлектері мен колледж бітірушілерге де кешенді тестілеуді қайта тапсыруға жағдай жасалды. Екі мүмкіндікті қолдана алмаған жастардың өзі студенттер қатарына шартты түрде қабылданды» – дейді Абзал Ахатұлы.

Аталған құжатта мектеп түлектерін жұмыспен қамтудың мынадай тетіктері қарастырылған:

– халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы мектеп түлектерін оқытуға, жұмыспен қамтуға және орналастыруға көмектесу;

– халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жастарға мамандық таңдауда кәсіби бағыт-бағдар беру;

– біліктілігін арттыру, сондай-ақ, кәсіби даярлау және қайта даярлау бойынша тегін курстар ұйымдастыру;

– «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жастарды жұмысқа орналастыру.

Ағымдағы жылы облыста ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті балл жинай алмаған 1118 түлектің 456-сы қайта тестілеуге қатысты. 40 %-дан астамы екінші тестіден өту мүмкіндігін пайдаланды.  291 адам немесе үштен бірі жоғары оқу орындарында студент атанды. 563 -і немесе  50 %-ы колледждерде оқиды.

Суретті түсірген:

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз