Жарылыстан кейінгі Арыс: қала босап қалған (+ ФОТО, + ВИДЕО)

ed6ea73c15f7800d82c26d14b6065b49 1 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/25 маусым, 2019 жыл.  Арысқа он шақырым жерде бақылау-өткізу пункті тұр. Қалаға арнайы қызмет көліктері мен өртсөндірушілерді ғана өткізеді. Бұл туралы Арыс қаласына барған Tengrinews.kz журналистері хабарлады.

Ал, Арыс қаңырап тұр, ешкім жоқ. Барлығын Шымкентке алып кеткен. Арықа екі шақырым жерде солдаттар үлкен лагерь, шатырлар құрған. Полицейлер жағдайды қадағалап жүр. Арнайы қызметтердің он жеңіл көлігін байқадық.

1e124670d609a9c52e92a98a51ff47ee

Кей тұрғындар бақылау-өткізу пунктінен өте алған. Бір әйел жалаң аяқ қашқанын айтады. Балаларымен жаяу 20 шақырымдай жүріп, су сұрап, көлік тоқтатуға тырысқан, бірақ нәтиже болмапты. Әйел оқиғаны айтып отырғанда жылап қалды. Оның балалары қазір Шымкентте, киім-кешектері жоқ, сондықтан анасы қауіпке қарамастан артқа қайтқан. 

Әрбір екінші үйдің терезесі сынған. Жарылыс толқынынан сияқты. Жанып жатқан үйді байқадық. Шатыры қираған, төбеден бір нәрсе түскен. Бірнеше үй осылай жанып кеткен дейді. Тонаушыларды байқамадық.  Жарылыс тоқтады, естілмейді. Кешегі түтін басылған, өрт жоқ. Көшеден снарядтарды байқамадық.

Қала екіге бөлінген, орталықтан теміржол өтеді. Әскери бөлімше орналасқан бір жағы қатты зардап шеккен. Онда ешкімді жібермейді.  Саперлер снаряд іздеп жүр. Төрт адамнан тұратын екі топты көрдік.

1f9baa1f03a4b54066daf33b1fba3800
03d21a3092184fa80e36d90c690710c6
9fe737e5d67d5d68deb3d47e2251c7ad

Айта кетейік, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында бірнеше жарылыс болып, қала түгелімен эвакуацияланған. Жарылыс салдарынан 2 адам қаза тапты: бір әскери қызметкер мен бір қала тұрғыны. Қалада болған оқиғаларға байланысты «Қауырт желісі» жұмыс істеп тұр.  Тәулік бойы қажетті ақпаратты Шымкент қалалық ТЖ департаментінен 8 (7252) 44-94-72, 35-33-66 нөмірлері бойынша алуға болады; Түркістан облысының ТЖД: 8 (7253) 35-83-02; ІІМ ТЖ Комитеті: 8 (7172) 53-32-84, 53-32-79.

#бізбіргеміз#

34e670371fa769373ac635a6a736d396
55a91539a28ea6deade719701598b427
422f8ea9a7e5be9a46bf26c017a3ae00
696e4783b1348308960a9188365ad705
5444244d3a74ac7dc3df50842de7e7fa
11843030 1
a56fbce8256bb508846f2a8639958725
b82f3dbbd1499ef50bd55495d990d0a3
bad8f38075d2727083f1190ce828016f
c2bb2607dba656d108c05f915f8c8f43
df11aa84fd94ac012259b153599fd1d3
e8b47cc7b10df3edcd8c532286f1d82d
e49be0742a034423be5cc54e233fac30
ed6ea73c15f7800d82c26d14b6065b49
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз