Жәрмеңкеде қарбыздың келісі 25 теңгеден сатылып жатыр

IMG 20190824 WA0056 Жаңалықтар

Atr.kz/24 тамыз, 2019 жыл. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі қаланың екі жерінде ұйымдастырылуда деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз – қызметі.

«Апта сайын ұйымдастырылып жүрген ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін осы уақытқа дейін «Сарайшық» коммуналдық базарында ұйымдастырып келген едік. Міне екінші апта болды біз Тұрғындар қалашығы шағын ауданы, «Мұнайшы» спорт кешенінің маңында ұйымдастырудамыз. Қала тұрғындары өз ризашылықтарын білдіруде» деп атап өтті Атырау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Р. Давлетов.

«Ауылшаруашылық өнімдерінің піскен шағында біз тек орталық базарға келіп көтерме бағамен сатып кететін едік, кәзір өзіміз келіп сауда саттық жасап жатырмыз. Бұл біз үшін қолайлы» дейді жеке кәсіпкерлер.

Естеріңізге сала кетсек аптаның сенбі, жексенбі күндері ұйымдастырылып жүрген жәрмеңке нүктелері екі жерде орналасқан:

1) Маден көшесі 1а, «Сарайшық» коммуналдық базары.
_
2) Тұрғындар қалашығы шағын ауданы, «Мұнайшы» спорт кешені.

IMG 20190824 WA0057
IMG 20190824 WA0058
IMG 20190824 WA0059
IMG 20190824 WA0061
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз