Жанбайда жаңа мәдениет үйі ашылды

IMG 1455 Жаңалықтар

Жанбай ауылында жаңа мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, Конституция күні мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев қатысып, аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың атынан ауыл тұрғындарын көптен күткен қуанышымен құттықтады.

IMG_1455

– Елбасының биылғы жарияланған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсетілген міндеттер аясында облыста біраз кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Міне, бүгін Жанбай ауылында жаңа мәдениет үйі пайдалануға беріліп жатса, жалпы облыс бойынша осындай сегіз мәдениет ошағының құрылысы жүріп жатыр. Жылдың аяғына дейін тағы екеуі ашылады деп күтілуде, – деді Әлібек Ибатоллаұлы.

IMG_1473

Ардагер ұстаз Закария Жұмағазиев осыдан алпыс жыл бұрын Жанбайға көшіп келгенде бүгінге дейін пайдаланыып келген клуб үйінің ғимараты ұжымшардың қоймасы екендігін еске түсірді. Соңынан тозығы жеткен ғимараттың төбесі ортасына түсіп пайдасыз болып қалған-ды.

IMG_1487

Осылайша жаңа ғимараттың лентасы қиылып, көпшілік оның ішін аралап көрді. Мәдениет үйінде 200 орындық көрермен залы, дыбыс жазу студиясы, кітапхана, би залы, үйірме, гримдеу бөлмелері, сондай-ақ, асханасы бар. Дыбыс күшейткіштермен, компьютер, басқа да қажетті құралдармен жабдықталған.

Мәдениет ошағына ауылдан 10 адам жұмысқа тартылып отыр.

IMG_1523

Бақытжан ЖҰМАТ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз