Жанар Байсемізова: «Ойыңды өзгерт! Өзің де өзгер!»

IMG 20171213 WA0020 Жаңалықтар

Өзіңді-өзің кешіру. Сенімділікті қалыптастыру техникасы. Уақытты бағалау. Ойды, сананы өзгерту арқылы, өмірді өзгерту. Атырау қаласындағы «Муслим» мейрамханасында бойжеткендердің басын қосқан белгілі тележурналист, практик психолог Жанар Байсемізова осы сұрақтарға жауап берді.

IMG-20171213-WA0020

Тұрмыс құру, отбасылық өмірдің маңызды мәселелері негізгі тақырыпқа айналған тренингте дін, философия, тәжірибе және пайым үндесіп жатты. «Өзім қай жерде қателестім? Нені дұрыс жасамадым?» деген сұрақтар мені психология іліміне алып келді»,-деген Жанар Байсемізова, адамның бойындағы түрлі реніштер оның болашағына кері әсер ететінін айтады.

«Мәселен, өзімнің сыртқы келбетімді қабылдамаған кездерім болды. Ата-анама, бауырларыма кінә артқан сәттер жиі орын алып тұрды. Өмірден баз кешіп, түңілген, бәріне қол сілтеген сәттерді де бастан өткердім»,-дейді белгілі журналист.

«Өзім әрекет етуде көп қателестім. Сөйтсек, әрекет ету ең алдымен өзіңді түзеу, ойыңды, мінезіңді өзгерту, сол арқылы іс әрекетті жақсылыққа арнау екен. Гаухар тас бастапқы кезде әдемі болмайды. Ол біраз өңдеуден өткеннен кейін ғана жарқырап сала береді. Біздің санамыздың саңылауында тығылып жатқан ғажайыптар да сондай. Оларды оята білу керек»,-деп сөзін түйіндеген Жанар Байсемізова, қыз-келіншектерді үнемі көңілді, көркем сөйлеп жүруге шақырды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз