Жаңа оқу жылы мерейлі сәттерге толы болмақ

d12b55a5 2e7b 43c5 b369 f1aaacb6c32e Білім

Atr.kz/23 тамыз, 2019 жыл. Жаңа оқу жылы тарихи тұлғалардың мерейтойлары мен оқиғаларға толы жыл болады.

Бұл туралы мұғалімдердің облыстық форумында облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова айтты.-Ұлы Абайдың 175 жылдығы, драматург,публицист Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына – 130, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл және Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аясында бірқатар шаралар іске асады.

Осынау ұлылардың ұлылығын жас буынға нәр етіп ұғындыруда ұстаздардың еңбегі зор. Бұл ретте барша педагогтарды осынау іс-шараларға белсене қатысуға шақырамын. Мұғалімнің үздіксіз ізденіп,шәкірт жүрегіне нұр құя алатындай жаңашыл,қашан да шеберлігін арттырып отыруы қажеттігін баса айтамын, – деді Жансұлу Менешқызы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз