Жамбыл ауылдық округінде 300 орындық мешіт пайдалануға берілді

img 3644 scaled Жаңалықтар

Atr.kz/30 желтоқсан, 2019 жыл.  Қызылқоға ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округінде мешіт ашылды.

Шалғай ауылдың қуанышын жергілікті тұрғындармен бөлісуге Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы барды.

Жергілікті тұрғындарды мешіттің ашылуымен құттықтаған Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы асыл дініміздің өркендеуі жолында атқарылып жатқан істер Тәуелсіздігіміздің жемісі екенін айтты.

«Аллаға сансыз шүкіршілік етеміз. Кешегі күні біздің әдет-ғұрпымыз жоғалуға айналған еді. Қаншама медреселеріміз, мешіттеріміз жабылды. Тәуелсіздіктің арқасында мешіттеріміз зәулім ғимарат болып тұрғызылып жатыр. Бұл Алланың Қазақ еліне берген ең үлкен нығметтерінің бірі.

Біз Тәуелсіздік алған кезде елімізде 68 мешіт қана болған еді.

Бүгінгі таңда еліміздегі мешіт саны 2600-ге жетіп отыр. Ал, Атырау облысы бойынша міне, 32-ші мешіт есігін ашты.

Араб тілінен аударғанда, мешіт сөзінің мағынасы құлшылық ететін орын дегенге саяды. Алайда, мешіт құлшылық етумен ғана шектеліп қалмайды. Бұл жерде адамзат баласына керек барлық рухани дүние беріледі. Мешіт адамзатқа имандылықты, отансүйгіштікті, сонымен бірге, халықтың бірлігі мен ынтымағын ұйытатын жер. Өмірге келген адамның мән-мақсатын, ақ пен қараны ажырататын жер мешіт» деп атап өтті өз сөзінде Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

http://atr.kz/bez-rubriki/bas-m%D2%AFfti-zhaulasatyn-din-emes-adamdar-foto/

Бүгінгі таңда аядай ауылдағы мешітке Иғали Ізтұрғанов имамдық етуде.

Заман талаптарына толықтай жауап беретін мешітте имам бөлмесі және үлкен зал, әйелдер залы бар. Сонымен бірге, бүгінде мешіт жанынан имамға арналып қызметтік баспана салынып жатыр.

Айта кетелік, Бөкен би мешіті негізінен меценат Әлібек Семғалиевтың демеушілігімен салынды.

Қазіргі уақытта Жамбыл ауылдық округіндегі халық саны  1600-ге жуықтайды. 

img 3896
img 3676
img 3620
img 3882

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз