ЖАЙЫҚ ТАРЛАНДАРЫ КІМДЕР? (+ФОТОРЕПОРТАЖ)

ANU 8838 e1552908734113 Жаңалықтар

Atr.kz/18 наурыз, 2019 жыл. Жастарымыздың  сүйікті демалыс орнына айналған «Ретро парк» саябағында Көрісу мерекесіне орай «Жайық тарландары» атауымен  ұлттық спорт түрлерінен  жарыс өтті.

ANU 8797

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.
ANU 8803
ANU 8829
ANU 8816
ANU 8838 e1552908734113

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған жарыста биылғы жылы  18-29  жас аралығындағы өрендер қазақша күрес, бұқа тартыс, кір тасын көтеру тәрізді спорт түрлерінен өзара бәсекеге түсті. Күннің суықтығына қарамастан шараны тамашалауға молынан жиналған көрермен  сонымен бірге Астана қаласының қолөнер шеберлерінің ұсынған жәрмеңкесі мен сурет көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, көпшілік алдына облысымызға белгілі бірқатар өнерпаздар шығып, өз өнерлерін ортаға салды.

Жігері жалындаған жастар алдымен 24 келі салмағы бар кір тасын көтеруден сайысқа түсіп, білегіндегі бұла күшіне сенген 23 қатысушы  арасынан Бақтыбек Бектемісовке тең келер ешкім болмады. Ол зіл қара темірді өз басынан 76 рет асыра көтеріп қатысушылардың алды болды. Ал, кір тасын 64 мәрте көтерген Ерсейіт Біралин екінші атанса, үшінші орын Нұркен Сәрсембайұлына берілді (59 рет).

ANU 8862
ANU 8888
ANU 8876
ANU 8915
ANU 8947 e1552908969369
ANU 8923
ANU 8957

Одан соң, боз кілем үстінде қазақша күрестен бақ сынайтын 16 палуан жеребе суырып қарсыластарын анықтады. Жиналған жұртшылықтың делебесін қоздырған бұл тартысқа толы белдесулерде Дулат Бәгеновтің жұлдызы жоғары болды. Ол ақтық сында Абылай Амандықпен күресуі керек еді. Алайда жартылай финалдық сайыста жарақат алған қарсыласы белдесуден бас тартты.  Үшінші орын үшін болған бәсекеде Айбек Ахметов пен Наурызбек Майлашев күресіп, ұпай саны бойынша Айбек жеңімпаз  деп танылды.

ANU 9006
ANU 8960
ANU 9015

Қызықты өткен «Бұқа тартыс» сайысына 19 жігіт қатысып, бұл  сында Мейірбек Қашеновтің мерейі үстем болды. Ол ақтық күш сынасуда Жасұлан  Елемесовтен  сәл басымдау болды. Ал, үшінші орын Әбдірахман Аменовқа бұйырды.

ANU 9022
ANU 9039 e1552909096257
ANU 9029


ANU 9061
ANU 9040
ANU 9074
ANU 9079
ANU 9085
ANU 9099

Жарыс соңында Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен медальдар, қаржылай сыйлық сертификаттарын  табыстады.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ.

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

ANU 9113
ANU 9124
ANU 9105
ANU 9104
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз