Жаңа жыл алдындағы жүздесу

Жаңа жыл алдындағы жүздесу 2 Жаңалықтар

Қалам ұстаған қауымды керемет қуанышқа бөледі

«Атырау–Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы биылғы жылды сәтті тәмамдап отыр. Бұл жетістіктер Атырау қаласындағы «Алтын шатыр» мейрамханасында ұйымдастырылған жаңажылдық кеште кеңінен аталып өтті.

%d0%b6%d0%b0v%d0%b0-%d0%b6%d1%8b%d0%bb-%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%e2%80%a2%d1%8b-%d0%b6%c2%a6%d0%b7%d0%b4%d0%b5%d1%81%d1%83

Жаңа жылды ұжым болып тойлау  – серіктестікте берік қалыптасқан дәстүрдің бірі. Бірақ, бұл жолғы ерекшелік – бұған дейін мерекені медиа холдингке қарасты облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттері, баспахана, техникалық қызметкерлер мен серіктестік әкімшілігі бірге тойласа, биыл жеті аудандық газеттегі әріптестермен бірге қарсылады.

Үздіктеріміз – ортамызда!

– «Мыңның атын білгенше, бірдің жүзін біл!» демекші, жыл соңында бәріміздің басымызды қосып, емен-жарқын әңгімелесіп, араласу, бір-бірімізді тану  мақсатында бүгін жиналып отырмыз. Өткен жылға салауат айтып, оны салтанатты түрде шығарып салу, келер жылдан үміт күту – барша адамзаттың дәстүрі. Ендеше, Жаңа жыл жаңа жетістіктер әкелсін. Әрқайсыңыздың отбасыңызға бақ-береке, дендеріңізге саулық тілеймін, – деді кешті құттықтау сөзімен ашқан серіктестік директоры Ерболат Қаменов.

%d0%b6%d0%b0v%d0%b0-%d0%b6%d1%8b%d0%bb-%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%e2%80%a2%d1%8b-%d0%b6%c2%a6%d0%b7%d0%b4%d0%b5%d1%81%d1%83-1

Мерекелік кеш үздік қызметкерлердің марапатталуымен де ерекше болды. Биыл тұңғыш рет 11 аталым  бойынша  үздіктер анықталды. «Үздік жыл журналисі–2016» атанған Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің тілшісі Қанат Ғұмаров медиа орталық басшысының қолынан арнайы диплом алды.

%d2%93%d2%b1%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%be%d0%b2-%d2%9b%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%82-%d0%b7%d0%b0%d1%80%d0%bb%d1%8b%d1%85%d0%b0%d0%bd%d2%b1%d0%bb%d1%8b

Сондай-ақ, «Үздік сыншы журналист–2016» атағымен аудандық «Мақат тынысы» газеті  бас редакторының орынбасары-жауапты хатшы Лена Нұрбаева марапатталса, «Үздік шолушы–2016» аталымы бойынша облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің шолушысы Алма Тұрғанова ортаға шақырылды.

%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0-%d1%82%c2%a4%d1%80%e2%80%a2%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2%d0%b0

«Басылымды журналистер шығарады» деген ұғым қалыптасқанымен, мақалаларды беттеу, бетті безендіру, арнайы форматқа келтіріп, бір сөзбен айтқанда, газетке айналдырудағы жұмыс дизайнерлер, корректорлар мен техникалық қызметкерлердің де үлесіне тиеді. Сондықтан, кеш барысында осы салада қызмет етіп жүрген бір топ азаматтар да марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік баспашы–2016» атағы cерік-тестіктің баспахана қызметкері Серік Сейітмұратовқа бұйырды.

%d1%81%d0%b5%d1%80%c2%a6%d0%ba-%d1%81%d0%b5%d0%b9%c2%a6%d1%82%d0%bc%c2%a4%d1%80%d0%b0%d1%82%d0%be%d0%b2

Оқырман қолына  тиетін газеттің қатесіз болуы корректордың қырағылығына, әрі сауатты болуына тікелей байланысты. Әр бетті сан мәрте оқып, «екі шұқып, бір қарайтын», сапалы материал шығуына күш салатын біздің корректорымыз Эльмира Әбілқайырова «Үздік корректор–2016» атанды. Ал, ішкі жөндеу жұмыстарын үнемі қадағалап жүретін ағаш шеберіміз Есенаман Маушов «Үздік қызметкер–2016» атағына лайық деп танылды.

%d0%b5%d1%81%d0%b5%d0%bd%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd-%d0%bc%d0%b0%d1%83%d1%88%d0%be%d0%b2

Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің қызметкері Нұрғабыл Дәулетияров «Үздік бет құрушы–2016», Индер аудандық «Дендер» газетінің бас редакторының орынбасары-жауапты хатшы Арал Байжігітов «Үздік жауапты хатшы–2016» аталымына ие болды.

%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bb-%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%b6%c2%a6%d0%b3%c2%a6%d1%82%d0%be%d0%b2

Жарнама – әр газет үшін негізгі табыс көзінің бірі. Сондықтан, басылым үшін оның рөлі зор. Аудандық «Кең Жылыой»  газетінің жарнама менеджері  Айнагүл Ерғалиева қажырлы еңбегімен көзге түсіп, жыл соңында «Үздік жарнама менеджері–2016» атағын иеленді.

%d0%b0%d0%b9%d0%bd%d0%b0%d0%b3%d1%83%d0%bb%d1%8c-%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b5%d0%b2%d0%b0

Серіктестік дәстүрлі түрде ұйымдастыратын жарыстарда шахматтан алдына жан салмайтын аудандық «Қызылқоға» газеті бас редакторының орынбасары-жауапты хатшы Бауыржан Бердіғалиевке «Үздік спортшы–2016» атағы бұйырды.

%d0%b1%d0%b0%d1%83%d1%8b%d1%80%d0%b6%d1%8b%d0%bd-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96%d2%93%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b5%d0%b2

Ал, әр басқосуымызды, мерекелік шараларымызды әсем әнімен әрлендіріп, шырайын арттыратын әріптесіміз, Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы Нұрым Ерғалиевке «Үздік әнші–2016» номинациясының дипломы табыс етілді.

%d0%bd%c2%a4%d1%80%d1%8b%d0%bc-%d0%b5%d1%80%e2%80%a2%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b5%d0%b2

 

Мерейтой иелеріне құрмет

«Атырау–Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Өтеген Нәукиев биыл мерейлі жастарын тойлаған үш әріптесімізге құттықтау хатын тапсырды. Атап айтсақ, ағымдағы жылы 60 жасқа  толған  «Прикаспийская коммуна» газетінің арнаулы тілшісі Виктор Сутягин мен Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің фототілшісі Әбілмәжін Шарапиденовке және  55 жасқа толған бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы Аяпберген Салиховқа да құрмет көрсетілді.

%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0-%d0%b6%d1%8b%d0%bb-%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d0%b6%d2%af%d0%b7%d0%b4%d0%b5%d1%81%d1%83-3

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқали Нұрғалиев пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Қабдолов салтанатты рәсімде құттықтау тілектерін арнады.

Биылғы жыл облыстық «Атырау» газеті ұжымы үшін өте сәтті өтіп, редакция қызметкерлері түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Атап айтсақ, бас редакторымыз Исатай Балмағамбетов Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Мұнай-газ компанияларының Қазақстан экономикасына үлесі» тақырыбында Атырау облысының бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің таңдаулы туындыларына жарияланған конкурсының және «Мәңгілік ел» облыстық байқауының бас жүлделерін жеңіп алды. Сондай-ақ, ол Қазақстан Журналистер Одағы Атырау облыстық ұйымы жариялаған байқаудың қорытындысы бойынша «2016 жылдың үздік бас редакторы» атанды. Ал, бас редактордың орынбасары Нұрлан Қабылов «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» мерекелік медалін кеудесіне тақты. Сондай-ақ, бөлім меңгерушісі Меңдібай Сүмесінов экология тақырыбы бойынша өткізілген конкурстың және «Теңізшевройл» компаниясы  ұйымдастырған байқаудың жүлдегері атанды.

Қоғамдық-саяси бөлімнің меңгерушісі Баян Жанұзақова  «Қоғамдық келісім» күніне орай облыс әкімінің Алғыс хатына және арнайы сыйлығына ие болып, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұйымдастырған журналистер арасындағы республикалық конкурстың жүлдегері атанды. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай бөлім меңгерушісі Гүлзада Ниетқалиева Қазақстан Журналистер Одағының дипломымен марапатталса, Алтыншаш Құрмашева, Амандық Абдолов, Мәлике Қуанышева, Рита Өтеуғали, Нұргүл Ысмағұлова сынды әріптестеріміз облыс, қала, мекеме басшыларының Алғыс хаттарына ие болды. Жас тілші Абай Ақмұрзиев Т.Қожакеев атындағы сыйлықтың иегері болды.

Ал, әріптесіміз  Гүлзада  Ниетқалиеваның  үш бірдей кітабы  жарыққа  шығып, олардың  тұсаукесері  Алматыда өткізілді.

Осы және басқа да жетістіктер туралы баса айтқан газетіміздің бас редакторының орынбасары Нұрлан Достанұлы жыл ішінде редакция  қызметкерлерінің отбасында дүниеге келген сәбилер, ұжымға жаңадан  қосылған қызметкерлерді де атап өтті.

«Прикаспийская коммуна» мен жеті аудандық газет, баспахана басшылары да «Жаңа жылдың жақсылығы мол болсын» деген тілектерін арнады, жылдағы жетістіктерімен бөлісті.

 Ең бастысы,  аудандағы, қаладағы  қалам ұстаған  қауымның тұңғыш рет «төрт көзі түгел» басқосуы  тамаша оқиға болды десек,  артық айтқандық  болмас. Бұл жаңа  жылда да ұжымның  ауызбірлігіне себепші  болары сөзсіз.

Айгүл Ертілеу

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз