Жаңа жобалар – жұрт игілігіне

wpid 91c46bffb15bd809f640db5a3fdf3f69 Жаңалықтар

Құрманғазы ауданында 2520 шағын және орта кәсіпкерлік нысан бар. Олар былтыр 6768 млн. теңгенің өнімін өндірген. Ал, 2018-2021 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту картасы аясында тоғыз жоба жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.  

wpid-91c46bffb15bd809f640db5a3fdf3f69

Аудан тұрғындарын толғандырып жүрген мәселелердің дені жер теліміне қатысты. Бұл бағытта көптеген заңнамалық өзгерістер енгізіліп, аукциондар өткізілуде. Инвестициялық жобалар мемлекетті негізде бекітіледі. Ал, бекітілмегені арнайы құрылған аудандық комиссия талқысына түседі. Егер инвестициялық немесе инновациялық жоба деп танылса, жер аумағы аукционсыз да, ешқандай байқаусыз беріледі. Тек бір ғана шарты, жаңа жоба осыған дейін іске асырылмаған болуы тиіс және баламасы болмағаны жөн.

Қолымыздағы деректерге сүйенсек, бүгінде ауданда жалпы құны 150 мың долларға бағаланған ауқымды инвест-жобалар әзірленіп жатыр. Қамыстан қағаз шығарумен айналысатын зауыт үшін 40 мың гектар жер бөлу мәселесі қаралуда. Зауыт басшылығы жыл сайын 10 мың гектардан қамыс өндіруді және 150-дей адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Ал, жеке кәсіпкер Мерғали Ғабдушев Өзбекстан азаматтарын жұмысқа алу талабы күшейтілгені қиындық келтіріп тұрғанын айтады. Ендігі жерде тұрғын үй құрылысы үшін бес азаматтан артық жұмысқа алуға рұқсат етілмейді. Мамандар бұл жергілікті жастарды жұмыспен қамту үшін жасалған әрекет екенін түсіндіреді. Өйткені, ауданда жұмыссыздық деңгейі өте жоғары – 5,1 пайызды құрайды.

Бұдан басқа, кәсіпкерге қосылған құн салығын азайту,  мал басына төленетін субсидияның қаралу мерзімін өзгерту, ауылшаруашылық кәсіпкерлері үшін жер алу жолын жеңілдету және несиеге қатысты мәселелер де алдағы уақытта шешімін таппақ.

Өз тілшіміз.

Құрманғазы ауданы.

 Сурет consult-s.com сайтынан алынды.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз