ЖАҢА ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Атырау облысында «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Мақат» компрессорлық стансасында турбокомпрессорлық цех іске қосылды.
«Атырау» магистральдық газ құбырлары басқармасы «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас инженері Ілияс Ысмағұлов хабарлағандай, жаңа цех Америкада шығарылған жеті газ құятын агрегаттан тұрады. Әр компрессордың өнімділігі тәулігіне 28,2 млн. текше метр газды құрайды. Жылдық өнімділігі - 56,7 миллиард текше метр газ. Құйылу кезіндегі газ қысымы 1 шаршы сантиметрге 52 келіге жетсе, шығу кезінде 1 шаршы сантиметрге 75 келі болады.

«Мақат» компрессорлық стансасы – Қазақстанның газ тасымалдау жүйесіндегі басты бекеттердің бірі. Мұнда қазақтың, түркіменнің және өзбектің көгілдір отыны Қазақстанның көп облыстарына және Ресей аумағынан Еуропа елдеріне транзитпен баратын «Орта Азия – Орталық» және «Мақат – Солтүстік Кавказ» магистральды газ құбырлары арасында газ тасылуын реттеу жұмыстары жүзеге асырылады.

Өз тілшіміз.
Мақат ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз