ЖАҢА БАС ИМАМ – БАТЫРЖАН МАНСҰРОВ

Жаңалықтар

Облыстың жаңадан тағайындалған бас имамы Батыржан Мансұров 1978 жылы дүниеге келген. Ол Халықаралық қазақ-араб университетінде бакалавриатты, Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде магистратураны тәмамдаған. Түркияның Стамбул қаласында Қ.А.Яссауи атындағы Құран курсында және Египеттің Каир қаласында мұғалімдер дайындайтын курстарда білімін шыңдаған.
Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің докторанты. Әр жылдары ол Халықаралық қазақ-араб университетінің қазақ тілі мен араб тілі пәндері бойынша оқытушы, «Хикмет» ЖШС баспа үйінің директоры және рухани-танымдық, діни, тарихи-мәдени «Рахмет самалы» журналының бас редакторы, ҚМДБ-ның Республикалық имамдардың білімін жетілдіру институтының ұстазы, Алматы облысы, Талғар ауданы, Белбұлақ ауылында орналасқан «Шамалған» медресесіне қарасты Мұрат Төреқұлұлы атындағы қарилар дайындайтын бөлімнің басшысы қызметтерін атқарған.
Ал, Атырау облысының бас имамы қызметінен босатылған Амантай Садиев Шымкент қаласындағы мешітте наиб-имам міндетін атқаратын болады.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған