Жұмыскерге жол керек

ЖҰМЫСКЕРГЕ Жаңалықтар

Атырау қаласындағы И.Тайманов атындағы мектепте шаһар басшысы Серік Шәпкеновтың қатысуымен Жұмыскер ауылдық округінің әкімі Қайрат Хабиев 2016 жылдың қорытындысы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тұрғындар алдында есеп берді.

ЖҰМЫСКЕРГЕ

Жалпы  ауылдық округ көлеміндегі 133 көшенің 38-інде тас жол болса,  95 көшеде тас жол төселмеген. Былтыр бұл бағытта жұмыстар атқарылды, мәселе биылғы жылы шешімін табады деп сенеміз, – дейді округ әкімі Қайрат Хабиев.

– Сенбілік барысында «Бір тал, бір өмір» науқаны ұйымдастырылып, барлығы  588 түп тал отырғызылды.

Кездесуде тұрғындардың басым бөлігі  қаңғыбас иттерді жою, көшелерді түнгі жарықтандыруға қосу, жол-жөндеу жұмыстары, күл-қоқысты сыртқа шығару үшін арнайы көлік ұйымдастыру сынды мәселелерді көтеріп, жауаптар алды. Әсіресе, кейбір шағын көшелерге жол салу жайы тағы айтылды.

Абай Ақмұрзиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз