Зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдық

1500373873 asha Жаңалықтар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері брифинг өткізді. Халыққа қызмет көрсету орталығы, Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы және Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттері біріктіріліп, Атырау облысы бойынша филиал мәртебесін (фронт-офис) алды.

1500373873_asha

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиал директорының орынбасары Гүлмира Искалиева биылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер «еңбегіне қарай өнбегі» деген принципке негізделген зейнетақы алатынын айтты. Сондай-ақ, биыл 18 жастан асқан І топ мүгедегінің қамқоршысына жәрдемақы тағайындалады. Қазір зейнетақы төлемінің жаңа әдісі есептеліп, 57 мың 229 базалық зейнетақы алушы анықталған. Осы уақытқа дейін әйелдер 58 жасында зейнетке шығып жүрсе, енді аналарымыздың зейнет жасы алты айға ұзарып отыратын болды. Сөйтіп, 2027 жылы ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасы теңеседі.

Сондай-ақ, электронды сандық қолтаңбаны алушылардың саны 93 мыңға жуықтады. Ал, еgov.kz мобильдік қосымшасы ЭЦҚ-сыз қажетті анықтамалардың кез келгенін біржолғы СМС арқылы жедел алуға мүмкіндік береді.

Енді шілде айынан бастап мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы –  көліктерді тіркеу, қайта тіркеу, жүргізушілік куәліктері мен көліктерге мемлекеттік нөмірлерді беру қызметін бастайтын болады. Бұл орталықтың  құзыретіне медициналық тексеруден өткізу қызметі де кіреді.

Майра СЕЙІТҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз