Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

zeyneta yi Жаңалықтар

Келер жылдан бастап жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері өзгереді. Атап айтқанда, І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы биылғыдан 2700 теңгеге көбейсе, бала туғанда берілетін бір реттік төлем 4,5 мың теңгеге өспек. Сондай-ақ, төртінші баланы босанған аналарға біржолғы жәрдемақы 7560 теңгеге артады. 1491287421_article_s

Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің қаншалықты өсетіні әрбір қазақстандықтың көкейіндегі сұрақ. Сонымен, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала тууына байланысты берілетін бір реттік төлемдер 4,5 мың теңгеге артпақ. Бір реттік берілетін жәрдемақының көлемі 91390 теңгеден 95950 теңгеге көтеріледі дейді. Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап төртінші баланы босанған аналарға бір реттік жәрдемақы 151 515 теңгеден 159 075 теңгеге немесе 7560 теңгеге көбейеді. Ал, І топтағы мүгедектердің жәрдемақысы 2 715 теңгеге өсіп, 57 021 теңге болады. ІІ топтағы мүгедектердің жәрдемақысы 2 163 теңгеге артып, 45438 теңге болады. Ал, үшінші топтағы мүгедектердің алатын көмегі 30886 теңге немесе биылғымен салыстырғанда 1470 теңгеге артады.

Бұдан бөлек, асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы да аздап артады. Мысалы, әкесі немесе шешесінен айырылған толық емес отбасылар бір бала үшін 25 541 теңге немесе қазіргімен салыстырғанда 1200 теңгеге көп көмек алады. Ал, бала кезінен І топ мүгедегін тәрбиелеп немесе күтім жасап отырған отбасылардың жәрдемақысы 1484 теңгеге өседі. І топ мүгедек баланың күтіміне және оның асырауына байланысты 2018 жылда жәрдемақы мөлшері 29 698 теңгені құраса, жаңа жылдан бастап 31 183 теңгеге көбейеді.

Сол сияқты, келесі жылы әйелдер зейнетке биылғыдай 58,5 емес, 59 жастан шығады. Зейнетақы инфляция деңгейінде немесе 7 пайызға өседі.  Айыппұлдар мен түрлі салықтарға тікелей қатысты айлық есептік көрсеткіш келесі жылға 2 525 теңге көлемінде бекіді.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз