«Өзегімде от жалын…»

Өзегімде от жалын Жаңалықтар

Назар аударыңыз:

Хамит ақын – халқының жүрегінде!

Қазақтың аса көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің туғанына 100 жыл толуы Атырау облысында салтанатпен атап өтіледі. Оқырмандарымызды осы тойға ортақтасуға шақыра отырып, өтетін әдеби-мәдени шаралар туралы хабарлаймыз.

%d3%a9%d0%b7%d0%b5%d0%b3%d1%96%d0%bc%d0%b4%d0%b5-%d0%be%d1%82-%d0%b6%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%bd

13 қазан, 2016 жыл.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің  акт залы. Салтанаттың ашылуы.  «Жанарымда жұмыр жер» атты  әдеби кеш. Кешке Қазақстанның түкпір-түкпірінен ақындар қатысады және Атырау облысында тұратын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері түгел шақырылады.

Басталуы сағат 10.30

 

14 қазан, 2016 жыл

Облыстың Исатай ауданында (Х.Ерғалиев ауылы, аудан орталығы Аққыстауда) Х.Ерғалиевке арналған салтанат, мәдени шаралар, поэзия кеші. Ақын дүниеге келген «Ерғали күтірі» деген жерге белгі орнату, Х.Ерғалиев ауылында ақынның мүсінін ашу.

Басталуы сағат 10.30-15.30

 

14 қазан, 2016 жыл

Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында ақынға арналған салтанат және республика ақындарының «Поэзия тарланы» атты әдеби поэзия кеші, «Өзегімде от жалын» атты әдеби композиция және көрмелер.

Басталуы сағат 18.30

Атырау облыстық мәдениет, мұрағат және  құжаттама басқармасы,

Қазақстан Жазушылар Одағының Атырау облыстық филиалы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз