Үздік оқытушылар анықталды

Үздік оқытушылар анықталды Білім

Жуырда Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен қазақ тілі  мұғалімдері арасында «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті.

%d2%af%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d0%be%d2%9b%d1%8b%d1%82%d1%83%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b

Қазақ тілінен сабақ беретін ұстаздардың қоғамдық мәртебесін, кәсіпқойлығы мен беделін арттыру, әдістемелік шеберлігін шыңдау, педагогикалық қызметтегі инновациялық тәсілдерді қолдану үлгілерін анықтау мен таратуды көздеген байқауға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Атырау мұнай және газ университетінің, Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының және «Атырау мұнай және өңдеу зауыты» ЖШС-нің қазақ тілі оқытушылары қатысты.

Бірнеше кезеңнен тұратын байқаудан соң олар білім-білігі мен сабақ өткізу тәсілдері бойынша сараланды. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Атырау облысы әкімі аппаратының  мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы тілдерді оқыту бөлімінің тіл жөніндегі әдіскері, орыс мектебіндегі  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі Ләззат Есенәлиеваға, бірінші орын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушысы Алмагүл Нұғымановаға табысталды.

Лиза  ШАЙХАШҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз