Заңсыз ойын ұйымдастырғандар ұсталды

20171003191000806 big Жаңалықтар

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «К» есімді азаматты анықтады.

20171003191000806_big

Ол Атырау қаласы, Абай көшесі 15 мекен-жайында орналасқан қолайлы үй-жайды тауып, ірі мөлшерде табыс алуға ниеттенген. Тиісті мекен-жайды тексеру барысында 9 дана жалға алынған қатты дискілі бар темір ойын терминалы, жүйелік блок, термопринтер, пернетақта, модем, компьютерлік монитор және заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру нәтижесінде алынған 2200 теңге тәркіленді. Ал, қылмыскердің заңсыз жолмен тапқан табысы 3096074 теңгені құрады.

Аталған дерек нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабы 2-бөлігі 3-тармағымен «Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.№2 Атырау қалалық сотының үкімімен азамат «К» кінәлі деп танылып, жазаны өтеудің барлық мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тарту арқылы пробациялық бақылау белгіленді және 2 жыл, 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

(Егер Сіз де заңсыз ойын бизнесі туралы ақпарат болса, 8(7122)35-42-10, 31-60-59 телефондарына хабарласа аласыз.)

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз