Өз орныңды білесің бе, қазақ әйелі?

з орны ды б¦лес¦ бе Жаңалықтар

Адамның елгезек, өз шаруасына мығым болғаны жақсы. Бірақ, кейде осының соңы отбасындағы ер мен әйелдің билік басына жұлқына келуі мен шаңырақтың шайқалуына әкеліп соғатыны бар. Соңғы жылдары қалада да, ауылда да ажырасу көбейді. Бұл жерде біз жас отбасылары туралы емес, қырық пен алпыстың арасындағы есі кіріп, етегін жапқан ерлі-зайыптылар жайлы айтып отырмыз. Олардың өзара келісе алмай, ажырасуларының бір себебі – әйелдердің өздерін ерлерше ұстауы, күйеуінен жалақысының көптігі, бизнеспен айналысып, ақшаның буына мас болуы.

__з орны__ды б¦лес¦__ бе

…Қонақтықтамыз. Бізге қарсы жасы алпыстан асыңқыраған әйел отырды. Өзі келгенінен дауыстап сөйлеп, көп ішінен танысын іздегендей кейіп танытқан еді. Мінезі ашық болғаннан ба, айналасында отырғандармен тез тіл табысып, әңгімелесіп кетті. Сөзінен ұққанымыздай, бұрын есеп-қисап саласында жұмыс жасаған көрінеді. Қазір зейнеткер. Уақыты көп болғандықтан ерекше бизнеске бет бұрыпты: ескі үйлерді сатып алып, жөндеп сатумен, не қайта салып, сатумен айналысатын көрінеді.

Келгенінен жұртты аузына қаратып отырған апамыз: «пәлен жерден шағын үй салдым», «ана жерден мансард тұрғыздым», «мынаусы осыншаға өтті», «ана үй тұрыңқырап қалды» деумен болды.

Содан төрде отырған бір қария:

– Ойпырым-ай, өзіңіз бір азамат орнында жүрген жан екенсіз, өте жақсы. Еріңіз, балаларыңыз бар ма? Сіздей қамқоршылары бар олар ештеңеден тарықпайтын болар!.. – деді.

Бұл сөзді ол кісі шын риза болып айтты ма, әлде би қарындасының тамырын басып көрейін деді ме – ол жағын біле алмадық.

– Ерімізді жібердік! – деп қойды пысық апамыз. Мұны «өлді» деп түсінген қартымыз «ақырының қайырын берсін-дағы!» деді ыңғайсызданып.

– Тірі ғой, құрысын! Мен үшін «жоқ»! – деді апамыз бір желпініп алып. – Қолынан түк келмейді. Бәріне өзім жүрем. Ақшаң болса, үй салу түк емес. Шүкірмін, інілерім, ұлдарым бар.

Бірнеше айдың жүзі болса да, осы оқиға көз алдымыздан әлі кетпейді. Немерелерін жетектеп, оларды серуендетіп жүретін асыл әже құрылыс алаңының прорабына айналып кетіпті! Ол аздай, жолдасын үйінен қуып жіберген. Осыны көріп өсіп отырған немерелерінің ата-әжеге деген құрметі мен қайырымы қандай болмақ?! Өзінің үш ұлы мен үш келіні кімнен үлгі алады? Бұл – ойланатын жағдай. Егер ақжаулықты аналар осылайша өзі би, өзі қожа бола беретін болса, олар тәрбиелеген қыздар – болашақ келіндер мен аналар қандай болады? Мұны көзге елестетудің өзі қорқынышты. Сол себепті қазақ әйелі қазақы қоғамдағы өз орнын білсе екен…

Лиза Сейтімова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз