Өз қағынан жеріген…

99300 yaradandan oturu anayasaya girsin Жаңалықтар

Автотрасса бойында бес жасар қызын қалдырып кеткен безбүйрек әйелдің әрекетін қазір  естіген жанның бәрі талқылап жатыр.  Әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы істі Атырау облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық соты қарады. 

99300-yaradandan-oturu-anayasaya-girsin

Мәлім болғандай, жауапкер өзінің кішкентай қызын Алмалы селосының үстінен өтіп жатқан Атырау-Орал трассасында әдейі қалдырып кеткен. Бүлдіршінді тауып алған кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар оны бейімдеу орталығына орналастырды. Безбүйрек әйел өз әрекетін «нақсүйерім бұрынғы некеде туылған қызыма қарсы болғандықтан, оны жол  бойында қалдырып кеттім» деп ақталыпты.

Әлгі әйел бұған дейін де екі рет ата-аналық құқығынан айырылған екен. Үшінші сәбиін де басы артық көрген ол қазір жүкті. Көңілдесінен егіз шарана күтіп отырғанын айтады.

Өкінішке орай, арамызда өз қағынан өзі жерігендердің дерегі бұл ғана емес. Мәселе бұлай ушыға түсер болса, ұлт болашағына үлкен қауіп төнері сөзсіз.

Мәлике  МӘЛІК.

 

Айбек  АТАШЕВ,

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» директорының орынбасары, теолог:

– Бала – Алланың адамға берген аманаты. Бір баланы өлімге тастап кету дінімізде бүкіл адамзатты өлтірумен бірдей. Алланың берген аманатын тәрбиелеп, өсіріп жеткізбесең, қиянат жасағаның.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз