Ынтымақ игілікке бастайды

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Арменияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ара Саакянды қабылдады.

 – Бұл кездесу біздің қарым-қатынасымызды бұрынғыдан да нығайтуға себеп болады. Облысымызда тұрып жатқан өзге этностар сияқты армян ұлтының өкілдері де Қазақстанды ортақ үйіндей көреді. Өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға сүбелі үлестерін қосып келе жатқан осынау еңбекқор жандардың алаңсыз тіршілігіне тиісті жағдайлар жасалған.Екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық, сауда-экономикалық байланысты нығайта түсуге мүдделіміз – деді аймақ басшысы Нұрлан     Асқарұлы.

Біздің интеграциялық байланыстарымыз сонау 90-шы жылдардан бастау алады. Армения Республикасы тауарларының Қазақстан нарығындағы үлесінің салмағы 30 млн. доллар көлемінде болса, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш түрлі себептермен үш есеге дейін төмендеп кетті. 2014 жылғы екі ел арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 8,2 млн. АҚШ долларын құрады. Мұның 0,41 млн. доллары – экспорттың, 7,8 млн. доллары – импорттың енші-сінде. Бүгінде Арменияның ауыл шаруашылығы өнімдері, шырын сусындары, құрылыс материалдары соңғы кезде қазақстандық нарықтан өз орнын алып үлгерді.

Кездесу кезінде армениялық бизнес өкілдері мен Атырау облысындағы кәсіпкерлер арасында іскерлік қарым-қатынасты жетілдіру және  сауда-саттық саласын өркендету мәселелері талқыланды.

 

Бақытжан ЖҰМАТ.

Суретті түсірген: Ерлан Алтыбаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз