Қызылқоға бруцеллезден қайтсе құтылады? 

DSC 0001 Жаңалықтар

Бүгінде Қызылқоға ауданында бруцеллез ауруы белең алып отырғаны жасырын емес. Ал, осы бір қауіпті аурудың алдын алу жолдары қандай?

DSC_0001

Міне, осы сауалға жауап іздеу мақсатында Қызылқоға ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданның Көздіғара, Ойыл, Миялы ауылдық округтерінде «Бруцеллез індетіне қарсы шаралардың заманауи қырлары» тақырыбында семинар болып өтті. Оған аудандағы барлық округтің  мал дәрігерлері, шаруа қожалық иелері, ауыл тұрғындары қатысып, аталмыш тақырыпта Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің Инженерлік бейіндегі биотехнология зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымының докторы, профессор Ғайса Абсатировтің лекциясын тыңдады.

Семинар барысында, сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев, аудандық ветеринариялық бақылау инспекциясының басшысы Шман Бердешев, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Серікбай Латиевтер ауданда бруцеллез ауруының өршуіне  жеке тұрғындардың ветеринария заңдылығын сақтамауы, іш тастаған малды дер кезінде хабарламауы, санитариялық-гигиеналық талаптарға құлықсыздық танытып отыруы, сол себептен аталған ауру адамдарға да жұғып отырғандығын тілге тиек етті. Мұны құптаған ветеринария ғылымының докторы Ғайса Әбсатиров бруцеллез ауруының шығуына бірнеше факторлар әсер ететіндігін тәптіштеп түсіндіріп, ауыл тұрғындары мен мал дәрігерлерінің сауалдарына жауап берді.

Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз