Қызылқоға ауданына әкім тағайындалды

img 20171009 wa0036 Жаңалықтар

Облыс әкімінің өкімімен Арман Баженов  Қызылқоға ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның жаңа басшысын  актив жиналысында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев таныстырды.

img-20171009-wa0036

Арман Сырымұлы 1980 жылы Құрманғазы ауданының Көптоғай селосында дүниеге келген. Атырау мұнай және газ институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын мемлекеттік қызметте бастады. Алғашында Құрманғазы ауданының Ақкөл селолық округінде бас маман, кейін  округ әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2007-2008 жылдары облыстық жер қатынастары басқармасында бас маман, бөлім бастығы болып жасаған. 2008-2015 жылдары – облыстық жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары, 2015 жылдың мамыр айынан осы уақытқа дейін басқарма басшысы қызметінде болған.

Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы бұған дейін аудан әкімі қызметін атқарған Мақсот Мұқановқа ризашылығын білдірді. Ауданның жаңадан тағайындалған әкіміне нақты тапсырмалар берді.

Актив жиналысында сөз алған еңбек ардагерлері Мақсот Карин, Жауқаш Тұрдағалиев және Сайпол Мұқанов жаңа әкімнің қызметіне сәтті қадам тілеген жылы лебіздерімен бөлісті.

Atr.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз