ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Жаңалықтар

 

asan1Атырау облысы әкімінің өкімімен:
Раушанов Асан Сайынұлы Атырау облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
1964 жылы 25 қарашада дүниеге келген. Гурьев педагогикалық институтын дене тәрбиесінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1981 жылы Гурьев облысы Ембі ауданы «Қазақстан» совхозында жұмысшы болып бастаған. Кейін жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс атқарған: Ембі ауданы А.Жданов атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі, Жылыой ауданы «Бәйтерек» спорт клубының директоры, «Ер-Ата» ЖШС-нің бас инженері, Жастар, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі, Атырау облыстық дзюдо федерациясының президенті, Жылыой балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Атырау қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, Атырау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің бастығы.

nsanАтырау облысы әкімінің өкімімен:
Нсанғалиев Алтынбек Бухарзаұлы Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
1955 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын жоғары дәрежелі клуб қызметкері, көркемөнерпаздар хор коллективінің дирижері мамандығы бойынша және Атырау аграрлы-техникалық колледжін бухгалтер-аудитор мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1972 жылы Индер ауданы «Передовик» колхозында жұмысшы болып бастаған. Кейін мәдениет үйінің жүргізуші-киномеханигі, «Борат» клубының меңгерушісі, аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, аудандық кинофикация дирекциясының директоры, мәдениет бөлімінің меңгерушісі, облыстық мәдениет жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, облыстық мұнай және газ өнеркәсібі мен құрылыс салалары қызметкерлерінің кәсіподағы комитеті төрағасының кеңесшісі, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Каспиймұнайбайланыс» ААҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы, «Каспиймұнайбайланыс» АҚ-ның еңбек мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «KazTransCom» ААҚ-ның жұртшылықпен байланыс менеджері, әкімшілік бөлімінің менеджері, коммерциялық бөлімінің маманы, «Мұнайшы спорт кешені» КҚМК-ның ақпараттық қызметінің бастығы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тәрбие ісі бөлімінің меңгерушісі, облыстық «Атырау» газетінің спорт шолушысы, «Атырау» футбол командасы» ЖШС-нің баспасөз қызметшісі қызметтерін атқарған.

esengalievАтырау облысы әкімінің өкімімен:
Есенғалиев Сатқан Ыбырайұлы Атырау облысы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Есенғалиев Сатқан Ыбырайұлы 1958 жылы туған. Гурьев педагогикалық институтын «Тарих, қоғамтану және советтік заң пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1975 жылы Махамбет аудандық мәдениет бөлімінің №6 автоклуб меңгерушісі болып бастаған. Кейін 1979-2008 жылдары аралығында білім беру саласында еңбек еткен: Жалғансай орта мектебінің әскери дайындық мұғалімі, спорт әдіскері, №1 қалалық мектеп-интернатының мұғалімі, Гурьев педагогикалық институтының жалпы тарих кафедрасының мұғалімі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әкімшілік-шаруашылық бөлімі бойынша проректоры, дүниежүзілік тарих кафедрасының ізденушісі, оқытушысы, аға оқытушысы.
2008 жылдан бері мемлекеттік басқару жүйесінде Атырау қаласы Кеңөзек селолық округінің әкімі, қалалық білім бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызметті кадрлармен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры, Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған