Қызға қырық үйден тыйым

«Отбасылық тәрбие негізінде қыз баланың рухани-адамгершілік және әдептілік қасиеттерін қалыптастыру» тақырыбында қыздар кеңесі көшбасшылары мен Аналар кеңесі өкілдерінің бірлескен семинары өтті.

– Мәселе өте  өзекті.  Білім беру басқармасы жанынан өмірдің қиын жағдайына тап болған, зорлық-зомбылықтың құрбандығына ұшыраған, ерте жастан жүкті болған жасөспірімдерге педагогикалық-психологиялық көмек көрсету тобы құрылды. Топтың құрамында Білім беру басқармасының өкілдері, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүддесін қорғау үшін педагогикалық, психологиялық, құқықтық білімдері бар жеке тұлғалар бар.

Топқа бір отбасы хабарласып, құқықтық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, білім беру басқармасының өзінде 27-03-92 сенім телефоны қызмет атқарады. Ерте жастан жүкті болу мәселесіне бір жақты қарамау керек. Орын алған жағдайға ұл балалар да жауапты және олардың ата-аналарына да қатысты. Осы орайда ұл балалардың тәрбиесі мәселесін күн тәртібінен түсірмейміз. Барлық білім беру ұйымдарында Ұлдар кеңестері   жұмыс жасайды. Соңғы кездері  Әкелер мектептерінің  қызметін жандандыру бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде, – деп атап өтті Атырау облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Злиха  Дүйсекенова.

«Тағылым» жекеменшік мектебінің шығармашылық тобы «Мейірімге ғана мұқтажбын» сахналық қойылымын ұсынды. Семинар тақырыбы аясында құқықтық сауат ашу сағатын жүргізу мақсатында Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Самал Үбіғалиева сөз алды. Семинарға қатысушылармен «Балам, мен сені жақсы көремін» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.                

Ұлттық құндылықтарға негізделген отбасы мен ана тәрбиесінің рөлін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Үздік Аналар» облыстық байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаз атанған аналар марапатталды.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз