Қыста балық аулау кезінде 2 балықшы суға кеткен

1 3 Жаңалықтар

Былтыр қыста мұз астынан балық аулау кезінде 2 балықшы суға кеткен. Қайғылы жағдай мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан туындаған.

1

Осы орайда, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мұздағы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрғындармен профилактикалық жұмыстарды белсенді жалғастыруда. Рейдтік шаралар Атырау қаласының «Дина», «Насиха», «Көктем», «Baizzar» атты ірі сауда орталықтарында және арнайы балық аулауға арналған құрал-саймандар сататын дүкендерде жүргізіліп жатыр.

Қызметкерлер мұндай алдын алу іс-шараларын өткізу, азаматтарға су қоймаларында демалуды дұрыс ұйымдастыруға, сондай-ақ Атырау облысының су айдындарындағы қайғылы жағдайлардың санын азайтуға ықпал ететініне сенімді.

Әр азамат өз өмірінің құндылығын біліп, қауіпсіздік ережелерін жауапкершілікпен атқару қажет.

А.Картимова

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімше инженері,  азаматтық қорғау капитаны

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз