Ұялы телефон ұрлап, жәбірленушіге 51 мың теңге залал келтірген

1 52 Жаңалықтар

У. есімді азамат 2017 жылдың желтоқсан айында Исатай ауданы, Тұщықұдық селосындағы тұрғын үйге кіріп, бөлмеден «Самсунг Галакси» ұялы телефонын алып кеткен. Салдарынан жәбірленушіге 51 290 теңге материалдық шығын келген. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Басты сот талқылауында сотталушы мен жәбірленуші келтірілген материалдық шығын өтеліп, медиация тәртібімен татуласқандарын көрсетіп, осыған байланысты соттан қылмыстық істі тоқтатуды сұраған.

Атырау облысының Исатай аудандық сотының қаулысымен Қылмыстық Кодекстің 188-інші бабы, 2-інші бөлігі, 3-інші тармағымен айыпталған У.-ға қатысты қылмыстық іс қысқартылып, айыпталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Айдос Қарабала

Фото crimyakutia.ru сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз