Вирусолог-дәрігер Халел Досмұхамедовтің мұрасынан тың деректер табылды

ba630f10c08033b42553c40ef585a086 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/28 сәуір, 2020 жыл. «Атырау» газетінің 21 сәуір күнгі санында (№33, 2020 жыл) қаламы қарымды, ойы орамды журналист Исатай Құндызбайұлының «Сабақтастық туралы сыр» атты мақаласы жарияланды. Шынында да, өткеннен сабақ алмасақ, бүгінгі күнді бағамдай алмаймыз және болашақ өмірімізге де бағыт-бағдар ұстана алмайтынымыз хақ.

Бұл мақаланың тақырыбын неге «Халел Досмұхамедов – вирусолог-дәрігер» деп атап отырмыз: Біріншіден, Халел Досмұхамедов – жалпы аурулар және жұқпалы аурулар хақында оннан астам мақала жазған теоретик вирусолог-дәрігер. Атап көрсететін болсақ, «Тамыр дәрі хақында», «Жұқпалы аурулар хақында», «Сары кезік – сүзек (брюшной тиф)», «Оқушының саулығын сақтау», «Как бороться с чумой среди киргизского населения», «Оба қандай ауру?», «Жұқпалы аурулар» және т.б. мақалалары бар.

Екіншіден, жұқпалы аурулардың этиологиясын, патогенезін, инкубациялық кезеңін, алғашқы және кейінгі симптомдарын, жұқпалы аур у д ы ж ұ қ т ы р ғ а н а д а м н ы ң денсаулығы, иммунитетіне байланысты аурудың диагнозын анықтап, инфекциямен күресте кәсіби іскерлік танытқан практик вирусолог-дәрігер. Үшіншіден, академик Рәбиға Сыздықова мен ғылым докторы Ғарифолла Әнес «Тән саулығының шипагері, доктор Халел туған халқының дәрігерлік көмекке мұқтаждығын, т ү р л і а у р у л а р а л д ы н д а ғ ы дәрменсіздігін көзбен көріп, қолмен ұстады.

Өз қолымен онды, жүзді емдегенімен, мыңдарға, миллиондарға білгенін үйретіп, ақыл-кеңес берді. Өзінің кәсіби алғашқы мақалалары – «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік – сүзек», «Жұқпалы аурулар хақында» сынды еңбектерін «Қазақ» газеті бетінде жариялай бастады. Оның ел ішіндегі өзі секілді аздаған оқыған дәрігер, докторлардан өзгеше қыры – дәрігер қаламгерлігі басталды», – деп дәлелдейді. Демек, Халел Досмұхамедов вирусолог-дәрігер, әрі қаламгер болып табылады.

Алдымен профессор Халел Досмұхамедов биология ғылымын дағы аса қиын да, күрделі бағыт – тез тарайтын жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын іздестіруге ерекше мән берді. Сондықтан, ол аса қауіпті оба ауруының жұқпалы ауру екенін зерттей келе, оны таратушы кеміргіштер, бүргелер екенін анықтап, адамдар мен жан-жануарларды сақтандыруға айрықша назар аударды. Бұл індет, егер санитарлық шаралар дер кезінде жүргізілмесе, ауру тез тарайтынын және аса қауіпті аурулар қатарына жататынын сол кездің өзінде мойындатқан. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, жұқпалы індет жер бетінің барлық бөліктеріне таралып үлгерген. Тек қана Австралия мен Антарктидада ғана тіркелмеген.

Халел Досмұхамедов жұқпалы аурулар маманы болғандықтан, ол ауруды таратушы және тасымалдаушы немесе оба ауруының қ о з д ы р ғ ы ш ы н с а қ т а у ш ы бүргелерді жоймайынша, бұл індеттен айығу қиын болатынын өз мақалаларында халықтың есіне салып, хабардар етіп отырған. Сол кездегі зерттеулерде, кейбір деректерге жүгінсек, 1920-1949 жылдар арасында 3476 адам оба ауруымен ауырған. Ғалым жұқпалы аурулардың маманы ретінде жүргізілген сақтандыру, е м д е у ш а р а л а р ы , к е й б і р дәрі-дәрмектер бола тұра өз қорытындысын бермегенін ескерте отырып, ауру пайда болғанға дейінгі шараларды жүргізуді ұсынған.

Осыған байланысты, 1914-1918 жылдар аралығында жұқпалы аурудан сақтандыру, ұйымдастыру шаралары жүргізіле бастаған. 1918-1921 жылдары жекелеген зерттеулерде Батыс Қазақстан өңірінде оба індеті болмаған деп жазылады. Алайда, осы жылдары Орал, Қызылқоға жерінде жұқпалы індетті қадағалау болмағанын Гришин, Князевский сынды ғалымдар анықтап берді. Сол жылдары аталған жерлерде және Орал облысының көптеген елді мекендерінде сыпной тиф, холера аурулары кең тарағандықтан, оба ауруын бақылауға мұрша болмағанын зерттеуші Генке (1925 жыл) өз еңбегінде атап көрсетеді.

Оба ауруы 1923-1924 жылдары Индер ауданының Мамай төбе бөлімшесінде бір жылға созылып, көптеген адамдарды шығынға ұшыратқан. Ал, Қызылқоға ауданының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында 19171922 жылдары оба ауруы тұрақты, жылма-жыл кездесіп тұрған. Әсіресе, профессор Халел Досмұхамедовтың вирусолог- дәрігер екендігін «Жұқпалы аурулар хақында» деген мақаласы айқын аңғартады.

Ең алдымен, ол жұқпалы аурудың қалай пайда болатынын былай деп көрсетеді: «Алла тағаланың жер жаһанға жіберген аурулары бар, бұл аурулардың бірқатары жұқпайды, бірқатары жұқпалы. Жұқпалы аурулардың көбі – құрт аурулар. Бір адамның ішіне, яғни қанына бір аурудың құрты кіре қалса һәм өсіп-өнетін жұғымды орын тапса, бір құрт бірнеше минөтте бірнеше мың, яғни миллион болып өсіп-өніп кетеді. Бұл құрттардың көбі уын шашады, уы қанға таралып, адамды ауру қылады».

Жұқпалы аурулардың ауыздан аққан сілекей, түкірік, қақырық, құсық, мұрыннан аққан су, арттан шыққан нәжіс, қан арқылы тарайтынын ескертеді. Сонымен бірге, жұқпалы аурулардың құрттары адамға жұққан соң бірқатар уақытқа дейін ауырта қоймайды. Бұл құрттарға өсіпөнуге уақыт керек. Обаның құрты жұққан соң 3-5 күнге дейін ауыртпауы мүмкін. Шешек жұққан соң бір жұма, яғни он күн білінбей жүреді» деп қаперге береді.

Вирусолог-дәрігер Халел Досмұхамедов жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын да көрсеткен: «Адамның ішкі сарайы сау болса, дені таза болса, тамағы тоқ болса, ауру жұқпасқа, жұқса да ауырмасқа себеп болады. Науқас адамдарға, нашар адамдарға, аш адамдарға жұқпалы аурулар да жұққыш болады. Киімі бүтін, суықта жылы киім киген, үсті-басын таза ұстаған, моншаға түсіп жуынған, қолын-бетін жиірек сабындап жуған ауру жұқпасқа себеп болады. Көп кісімен қатынасқан, әр үйге қыдырып тамақ ішкен, көп адаммен бір табақтан тағам жескен – әртүрлі аурулардың жұғуына себеп болады».

О с ы м а қ а л а с ы н д а Х а л е л Досмұхамедов жұқпалы аурумен ауырған адамдарды қалай күту керектігін де нақты түсіндіріп берген: «Жұқпалы аурудың құрты көзге көрінбейді, мұндай аурумен науқас болған кісінің қасында толып тұрған құрт болады. Ауру кісінің қасында болу, бірге жату, тамақтану қауіп. Жұқпалы аурумен ауырған кісіні сау кісілерден бөлу керек. Ауру кісіні таза, оңаша бір бөлмеге салып, бірекі ауруды бағатын кісіден басқа кісілер қатынаспасқа керек.

Ауруды баққан адамдар ауру жатқан бөлмеге кіргенде, сырттан бір киім киіп келу керек, ол киімді шығарда сол бөлмеге тастап кету керек. Аурудан шыққанда қолын, бетін сабындап жуу керек. Ауру жатқан үйде тамақ ішпеске, темекі-шылым тартпасқа керек. Ауруға берген аспаптарды, аяқ-табақтарды ыссы сумен жуып тұру керек». Халел Досмұхамедов кәсіби вирусолог-дәрігер болғандықтан, жұқпалы ауруларға қатысты қазақ халқының жағымсыз қасиеттеріне де мән береді. «Қазақта науқастың көңілін сұрайтын әдет бар.

Аурулы болған кісінің көңілін аулаған ж а қ с ы д е с е к т е , ж ұ қ п а л ы аурулардың көңілін сұраймын деп ауырған кісінің қасына бару жарамайды. Көңіл сұраушыларды науқасқа қатынастырмау – аурудың жақындарына міндет, ауырған кісіге тыныштық жылдам жазылуға себеп болады. Көңіл сұраушылар науқастың һәм мазасын алады, оның үстіне өздерінеөздері ауру жұқтырып алуға себеп болады. Жұқпалы аурулы кісі жатқан үйді тазалатып, бұхырлап алу керек. Бұхырлап алу докторсыз қазақ қолынан келмейді», – деп қатаң ескертеді. Бұл жердегі бұхырлау деген сөз – қазіргі дезинфекцияның аудармасы.

Демек, Х.Досмұхамедов қазақ ғылыми-медициналық терминологиясына да жаңалық енгізген. Бұл мақалаға қатысты ойымызды жинақтайтын болсақ, энциклопедист ғалым, әрі вирусологдәрігер Халел Досмұхамедов «Жұқпалы аурулар хақында», «Жұқпалы аурулар» мақалаларында «Сынықтан басқа жұғады» және «Дені саудың – жаны сау» деген қазақ мақалдарын эпиграф ретінде алған екен. Осының өзі көп нәрсені аңғартып тұр. Сондайақ, бүкіл жаһанға жайылған жаппай індетті жеңіп шығуда да Халел Досмұхамедов еңбектерінің маңыздылығы айрықша. Өткеннен сабақ алу қай уақытта да артықтық етпейді.

Айдар САБЫРОВ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті

«Жан-жақты, көл-көсір әмбебап білімінің арқасында Халел Досмұхамедов – биология, зоология, медицина салаларына да көп еңбек қосқан ғалым».

Әбіш КЕКІЛБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз