Венгрия елшісі – Атырауда (ФОТО)

ЕАС 209 Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Бараниді қабылдады.

ЕАС 209

Биылғы жылдың алғашқы жартысында Мажарстан мен Атырау облысы арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі 26,6 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңіндегіден 271,3 пайызға артқан. Соның ішінде, экспорт – 24,1 , импорт – 2,5 млн. долларға тұрақтаған. Статистикалық мәліметтер бойынша венгр капиталының қатысуымен аймақта 14 кәсіпорын тіркелген. Осылайша, облыстың әлеуметтік – экономикалық даму барысын баяндаған аймақ басшысы келген қонақтарды еркін пікірлесуге шақырды.

ЕАС 184

Ал, Венгрия Елшісі жанындағы елшіліктің Бас Консулы Ференц Блауманн жылышырайлы қабылдағаны үшін облыс әкіміне ризашылығын білдірді. Екі ел арасындағы өзара экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтып, ынтымақтастық аясын арттыруға үлес қосуға дайын екендіктерін мәлімдеді.

ЕАС 157

Атырауға жасаған алғашқы сапарында Елші аймақта еңбек етіп жатқан венрліктермен кездесіп, жүзеге асырылып жатқан жобалармен жете танысып, әріптестік өрісін кеңейтуге өз тараптарынан қолдау көрсететіндігін жеткізді.

ЕАС 164

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз