Утилизация қалай жүзеге асуда?

загружено Жаңалықтар

             Ескі көліктерді жойып, жаңасын сатып алуға мүмкіндік беретін бағдарлама аясында, Атырау облысында 820 машина тапсырылған.

загружено

Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының аймақтық менеджері Қуаныш Қайыржанұлының хабарлауынша, күніне кем дегенде үш көлік түбегейлі тапсыруға, үш машина жеңілдік сертификатын алуға кезекке тұрады. «Қыс мезгілінде қалалықтардың белсенділігі жоғары болды. Қазір аудан тұрғындары кезекке тұрып жатыр. Әсіресе, құрманғазылықтардың қызығушылығы жоғары. Жеңілдік сертификатының көмегімен су жаңа отандық көліктің кілтін ұстауға мүмкіндік мол» дейді ол.

Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының баспасөз-қызметінің мәліметінше, тозған көлікті өткізуде бүгінде Павлодар, Қостанай және Алматы қалалары көш бастап тұр. Айта кетелік, көлікті утилизациялау Атырау қаласы, Менделеев 4 мекен-жайында жүзеге асырылады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз